Хореография және Арт-менеджмент кафедрасы
-
Кафедра туралы
1987 жылы музыкалық білім факультеті жанынан хореография мамандарын даярлайтын бөлім ашылды. Оның басында қазақтың алғашқы кәсіби балетмейстері, ҚР халық артисі, профессор Д.Т.Әбіров тұрды.
1992 жылдан бастап өз алдына жеке «Хореография» кафедрасы болып құрылды. 2006 жылға дейін аталған кафедраны ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Г.Ж.Қарамолдаева басқарып келді.
2005 жылы өнертану ғылымдарының кандидаты, жоғары білікті маман Тойган Оспанқызы Изим басқарып, оқу процесінің дамуына үлкен үлес қосты.
Қазіргі уақытта кафедраны басқарып отырған ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Сабдалиева Роза Болысқызы.
"Хореография" мамандығының атақты түлектері Қазақ КСР Халық әртісі Раушан Байсейітова, Қазақ КСР Халық әртісі Сайрагүл Нұрсұлтанова, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Майра Қадырова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлия Таныштықұлова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Рахметова; Абай атындағы опера және балет театрының солистері Мәнсия Қарақұлов, Равия Махмұтова, Галина Булгарцева, Людмила Макарцева (оның қызы Мария Макарцева – екінші буын), Любовь Макарцева, Жанель Тукеева, УСИНА Алена, Екатерина Хомкина – Сафронова; Болат Ғазизұлы Аюхановтың классикалық балетінің көптеген солистері, хореографиялық училищенің педагогтары: Назира Абдулина, Татьяна Вишнева, Ольга Адырхаева; Гүлдер жастар ансамблінің, Салтанат ансамблінің солистері, Ұйғыр театрының солистері және тағы басқалары осы оқу орнында жоғары білім алды. Қазіргі уақытта біздің түлектер Қазақстан, Ресей, Голландия, Канада, Греция, Швейцария, Италия, АҚШ және т. б. барлық қалаларда жұмыс істейді.
Кафедрада 2000 жылдың 5 қаңтарында құрылған «Томирис» ән-би ансамблі талантты жастардың шынайы шығармашылықпен, би өнерімен айналысуына университет барлық жағдай жасалынғанын көрсетеді. «Томирис» ансамблінің би жетекшілері Р.Б. Сабдалиева, М.М.Ағабылов. Студенттер 5 би залдарымен, жатақхана, асхана, демалыс орындарымен қамтамасыз етілген.
Г.Ж.Қарамолдаева басшылық еткен жылдардан бастап (1991) «Бос уақыттың мәдениеттілігі ісі», «Мәдени дем алу жұмысы» мамандықтарының ашылуына белсене атсалысты. Кафедра жанынан «Жан сарайы» студенттер драма театры, «Өнер жастан...» студенттер опера театры жұмыс істейді. «Өнер жастан» студенттерден құралған опера театрының құрамында осы мамандықта білім алған студенттер мүше болды. Профессор А.Исағұлованың жетекшілігімен «Шаттық жыры» ансамблі құрылып, республикаға танымал болды
Ел елеулісіне айналған Роза Әлқожа, Гүлмира Ақүрпекова, Ғанипа Садықова, Жазира Байырбекова, Гүлнұр Оразымбетова, Динара Маметекова, Әсем Құдайбергенова, «Қыздар-ай» тобы түлектеріміз Мәдени-тынығу жұмысы мамандығын тәмамдаған.
Миссия және Халықаралық байланыс
Халықаралық байланыс
- Оңтүстік Орал гуманитарлық мемлекеттік педагогикалық университеті
- Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясы
Білім беру бағдарламалары
Қадрлық құрамЖүктеу...