Қосдипломды білім беру бағдарламасы
-
Халықаралық ынтымақтастық
-
Қосдипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не?
Қос дипломды білім беру - бұл екі (немесе одан да көп) университетте бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша сәйкес оқу орындарының дипломдарын алғаннан кейін қатарлас білім алу мүмкіндігі. Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануының басым бағыттарының бірі сөзсіз қос дипломды білім беру болып табылады.
Шетелдік жоғары оқу орындармен екі жақты меморандумның негізінде МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және шетелдік серіктестердің мамандықтарын Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің оқу пәндерімен жеке оқу жоспары әзірленді. Сонымен қатар, шетелдік серіктес ЖОО-ның пәндері қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, университеттің студенттеріне шетелдік ЖОО-да 4-курс (бакалавриат) немесе 2-курс (магистратура) студенттеріне білім алуына мүмкіндік береді.
Қосдипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтары:
- халықаралық тәжірибе;
- бітіргеннен кейінгі жұмыс перспективалары;
- серіктес университеттердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игеру;
- ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университеттен 2 диплом алу.
Қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестеріміз:
№
Мамандық атауы
Серіктес ЖОО
Білім алу схемасы
1
2
3
4
5
6B01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі
6B01101 - Педагогика және психология
6В10201 – Әлеуметтік жұмыс
6B01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
6B01301 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемес
Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, США
3+1
3 жыл ҚазМемҚызПУ + 1 жыл MVSU = Қос диплом
6
7
8
9
10
7M01101 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
7M01503 – Математика
7M01502 – Биология
7M01505 – Информатика
7M01101 - Педагогика және психология
Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, США
1+1
1 жыл ҚазМемҚызПУ + 1 жыл MVSU = Қос диплом
11
6B01705 - Шетел тілі: екі шетел тілі
Катовицедағы Силезия университеті,
Польша Республикасы
2,5+1,5
2,5 жыл ҚазМемҚызПУ +
1,5 жыл серіктес ЖОО = Қос диплом
12
13
6В01506 - Информатика
6В06102 - Ақпараттық жүйелер
Лондонның Батыс Халықаралық Колледжі, Ұлыбритания
Қашықтықтан оқыту/Аралас оқыту
14 Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті қосдипломды білім беру бағдарламаларының санын арттыру мақсатында шетелдік серіктестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде.
Бағдарлама нәтижесі
Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және шетелдік диплом (ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университет) беріледі.
Пікірлер