Волонтерлік
-
Волонтерлік — жанашырлық пен адамгершіліктің айқын көрінісі.
«Ашық жүрек» волонтерлер ұйымы — белсенді, білімді және қоғамға бейжай қарамайтын жастар тобы. Ұйым мүшелері қайырымдылық шараларын ұйымдастырып қана қоймай, қарттар үйі мен балалар үйлеріне барып, рухани қолдау көрсетіп, түрлі әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысады. Сонымен қатар қалалық жобалар мен қоғамдық іс-шараларда ерікті ретінде атсалысып, қоғамға пайдасын тигізуге үлес қосып келеді.
Волонтер болу — тек көмек беру емес, адамдарға сенім мен үміт сыйлау. «Ашық жүрек» ұйымының әрбір мүшесі мейірімділік пен қамқорлықтың қоғамды өзгертетін үлкен күш екенін дәлелдейді. Ұйым жастарды белсенділікке, жауапкершілікке және өзара қолдауға шақырып, игі істер арқылы қоғамда жылулық атмосферасын қалыптастыруды мақсат етеді.
«Ашық жүрек» — жүректерді жақсылықпен байланыстыратын, ортақ құндылықтарды біріктіретін және әр адамға қуаныш сыйлайтын ерекше орта