Конкурстар мне стартаптар

  • «Ғылым айы – 2025»
    «2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары
    Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс
    "Ғылым айы" 2025 күнтізбе

    «Ғылым айы – 2025» – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ғылымды дамытуға, зерттеушілік мәдениетті нығайтуға және студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді шара.

    2025 жылғы 3 сәуір мен 5 мамыр аралығында өткен «Ғылым айы» аясында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында ғылыми конференциялар, практикалық семинарлар, постерлік сессиялар, дебаттар, стартап таныстырылымдары және дөңгелек үстелдер қамтылды.

    Іс-шараларға 500-ден астам студент пен 300-ге жуық профессор-оқытушы құрамы қатысты. «Ғылым айы» аясындағы жұмыстар білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға, академиялық ортада тәжірибе алмасуға және пәнаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді.

    Мақсаты мен міндеттері

    Шараның негізгі мақсаты – университеттегі ғылыми әлеуетті арттыру және ғылыми қызметке кеңінен тарту.

    Негізгі міндеттері:

    • студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми бастамаларын қолдау;
    • қолданбалы және іргелі зерттеулердің сапасын арттыру;
    • ғылыми нәтижелерді жариялау және коммерцияландыру мәдениетін қалыптастыру;
    • ғылыми көрсеткіштерді жүйелі бағалау және ынталандыру.

    Марапаттау және ынталандыру жүйесі

    Шара аясында ғылыми белсенділігі жоғары ПОҚ, қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

    • «Ең белсенді ғалым»
    • «Көшбасшы ғалым»
    • «Топ-журналдардағы белсенділігі үшін»
    • «Хирш үздігі»
    • «Халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін»
    • «Қолданбалы нәтижелер мен коммерциализация үшін»
    • «Белсенді жас ғалым»
    • «Студенттік ғылымды дамытушы»

    Үздік ғылыми нәтижелер көрсеткен оқытушыларға Университет атынан ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, ғылыми мақала жариялау және зертханаларды жалға алу үшін 150 000–250 000 теңге аралығында ақшалай сыйақылар тағайындалды.

    Институттар мен кафедралар рейтингі

    2024 жылғы ғылыми жетістіктердің қорытындысы бойынша институттар мен кафедралар бағаланды.

    Институттар арасында:

    • І орын – Физика, математика және цифрлық технологиялар институты
    • ІІ орын – Жаратылыстану институты
    • ІІІ орын – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты

    Кафедралар бойынша:

    • І орын – «Информатика» кафедрасы
    • ІІ орын – «Физика», «Биология» кафедралары
    • ІІІ орын – «Химия», «Тарих», «Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі» кафедралары

    «Ғылыми ықпал индексі» көрсеткіші

    Институттардың ғылыми белсенділігі соңғы бес жылдағы Scopus және Web of Science базаларындағы жарияланымдарға жасалған дәйексөздер санының оқытушылар санына қатынасы арқылы бағаланды.

    Нәтижелері:

    • І орын – Жаратылыстану институты
    • ІІ орын – Физика, математика және цифрлық технологиялар институты
    • ІІІ орын – Педагогика және психология институты

    «Ғылым айы – 2025» шарасы университеттегі ғылыми ортаны жүйелі дамытуға, зерттеушілік бастамаларды қолдауға және ғылыми нәтижелердің сапасын арттыруға бағытталған тұрақты алаң болып табылады.

     

    2025 жылдың 30 желтоқсанында Республикалық конкурстық комиссияның отырысында «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері белгілі болды.

    Аталған мәртебеге Қазақ ұлттық қыздарпедагогикалық университетінен Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Оразаева Гульжан Сериковна және Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мекебаев Нұрбапа Отанович ие болды.

    Айта кетейік, байқауға еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысты. Нәтижесінде 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды.

     

     

    2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс жариялады.

    Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа университетімізден 14 үміткер қатысты сонымен қатар Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға универстетімізден 2 адам қатысты.