Адами капиталды дамыту орталығы

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Адами капиталды дамыту орталығы педагог кадрлар мен мамандардың кәсіби біліктілігін дамытуға, қабілетін жетілдіруге, сондай-ақ үздіксіз кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.

    Орталықтың негізгі міндеттері:

    • Заманауи білім беру технологияларын, оқыту және білім берудің инновациялық әдістемелерін енгізу және тарату;
    • Профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының кәсіби қабілеттерін дамыту;
    • Белгіленген талаптарға сәйкес қосымша білім беру және педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру;
    • Университеттің білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және үздіксіз кәсіби оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
    • Педагогтер қауымдастығына, оның ішінде Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі мектеп мұғалімдеріне оқу-әдістемелік қолдау көрсету;
    • Тәжірибе алмасуға, үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға және кәсіби қауымдастықты дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

        Адами капиталды дамыту орталығы білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарына қатысу арқылы педагог кадрлар мен мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаларды жүзеге асыруға университет оқытушылары, кәсіби даярлығы бар тренерлер ,сондай-ақ кәсіби біліктілігі мен практикалық тәжірибесі бар мамандар қатысады.

    Іске асырылатын бағдарламалар, біліктілікті арттыру курстары, оқу кестесі және қатысу шарттары туралы толық ақпаратты сайттың тиісті бөлімдерінен табуға болады.