Әлеуметтік қолдау

  • Университет басшылығы әртүрлі әлеуметтік санаттағы студенттердің жағдайына ерекше көңіл бөледі. Университеттің барлық факультеттерінде жүйелі түрде жетім студенттер және мүмкіндігі шектеулі студенттер саны туралы мәліметтер жинақталады.

    Университетте Студенттерді әлеуметтік қорғаудың басым бағыттары:

    • Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, сондай-ақ мүгедектер мен жетім студенттерге көмек және қолдау көрсету.
    • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдай жасау және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.
    • Студенттік жатақханалардан орын алуға басым құқық беру.
    • Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, барлық әлеуметтік осал топтарға, волонтерлік қолдау ұйымдастыру.

    100% ЖЕҢІЛДІК:

    • ҰБТ-дан кемінде 100 балл жинаған «Алтын белгі» иегерлері үшін;
    • Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының, Азияның, дүниежүзілік жазғы және қысқы Универсиадалардың жүлдегерлері;
    • "ҚазҰҚызПУ" КеАҚ ақылы негізде 1 курсқа түскен мектеп түлектеріне және «Білім Инновация» халықаралық қоры түлетерінің пәндік олимпиодаларының жеңімпаздарына (1 орын);
    • Абай облысындағы «Семей орманы» резерваты қызметкерлерінің өртті жою кезінде ерлікпен қаза тапқан отбасыларынан шыққан балаларға;

     

    90% ЖЕҢІЛДІК:

    • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған білім алушылар, толық жетім студенттер үшін;

     

    60% ЖЕҢІЛДІК:

    • Медициналық - сараптамалық қорытындысы бар студенттерге (бала кезінен мүгедектерге I топ);

     

    55% ЖЕҢІЛДІК:

    • Медициналық - сараптамалық қорытындысы бар студенттерге (бала кезінен мүгедектерге IІ топ);

     

    50% ЖЕҢІЛДІК:

    • ҰБТ-дан кемінде 100 балл жинаған «Үздік аттестат» иегерлері үшін;
    • Медициналық - сараптамалық қорытындысы бар студенттерге (бала кезінен мүгедектерге III топ) ;
    • Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшелері;
    • "ҚазҰҚызПУ" КеАҚ ақылы негізде 1 курсқа түскен мектеп түлектеріне және «Білім Инновация» халықаралық қоры түлетерінің пәндік олимпиодаларының жеңімпаздарына (2 орын);

     

    35% ЖЕҢІЛДІК:

    • «СШҮ», «СШ» атақтарымен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары: ҚР спорт шеберлері – 35%;

     

    30% ЖЕҢІЛДІК:

    • «СШҮ», «СШ» атақтарымен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары: ҚР спорт шеберлерігіне кандидат – 30%;
    • "ҚазҰҚызПУ" КеАҚ ақылы негізде 1 курсқа түскен мектеп түлектеріне және «Білім Инновация» халықаралық қоры түлетерінің пәндік олимпиодаларының жеңімпаздарына (3 орын);

     

    25% ЖЕҢІЛДІК:

    • «ҚазҰҚызПу» КеАҚ кәсіптік білім беру колледжінің түлектері үшін;

     

    15% ЖЕҢІЛДІК:

    • Магистратурада оқуын жалғастыратын ҚазҰҚызПУ бакалавриат түлектері үшін;
    • «ҚазҰҚызПУ» КеАҚ ақылы негізде оқитын бір отбасынан шыққан екі бала үшін (күндізгі бөлімде оқитын әрбір білім алушы үшін);
    • Табиғи апаттар аймағында тұратын білім алушылар;
    • Ата-анасы біреуі немесе екеунің де мүгедектігі бар білім алушылар үшін;

     

    10%ЖЕҢІЛДІК:

    • «ҚазҰҚызПУ» КеАҚ қызметкерлерінің балалары үшін;
    • Ауғанстан және Ұлы Отан соғыстарына қатысушы ардагерлер, сондай-ақ Чернобыль апатына қатысушылардың отбасыларының балалары үшін;
    • 16 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар) үшін;
    • АӘК анықтамасын ұсына отырып, толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар үшін;

     

    Бір білім алушыға бір уақытта бірнеше жеңілдік түрі ұсынылмайды