Менталды денсаулықты дамыту орталығы
-
Университеттегі өмір
-
Мақсаты: Орталықтың қызметкерлері жалпы білім беретін мекеме оқытушылармен, әкімшілікпен, жас көшбасшылар мен ата-аналардың арасындағы кәсiби өзара iс-әрекеттiң айқын шекараларын анықтау арқылы, білім алушыларды болашақ өмірге дайындайды. Біздің психологтар студенттердің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе оқу нәтижесіне кедергі келтіретін кез келген проблемаларды студенттердің өздері зерттей алатын қауіпсіз және құпия ортаны ұсынады. Кең таралған мәселелер: өзара қарым-қатынастар, күйзелістер, өзін-өзі бағалау, адамның сыртқы келбеті және т.б. Сондай-ақ МДДО - на жабығу, үрейлену, тәуелділік, тағы да басқа көптеген мәселелермен жүгінеді.
Орталықтың міндеттері:
- Студенттердің жекелік ерекшеліктерін дамытуға ықпал жасау: танымдық қызығушылықтары, қабілеттері, бейімділіктері;
- Университет қауымдастығына (мүмкіндігі шектеулі жандарды қоса алғанда) психологиялық, физикалық денсаулыққа қатысты ақпараттық бағдарламаларды ұсыну;
- Психологиялық мәселелер бойынша білім алушыларға жеке кеңес беру;
- Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ерекше қажеттіліктерді, сондай-ақ қажеттіліктерді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Университетте спорттық іс-шараларды, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға көмек көрсету;
- Өз балаларының жағдайы туралы алаңдайтын ата-аналарға консультация беру;
- Студенттердің жекелік-психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттарды алу мен жинақтау
Орталықтың бағыттары:
- Практикалық бағыт: университет студенттері мен оқытушыларының, ата-аналардың жекелік сұранысы бойынша кеңес жүргізу мен ағарту, коррекциялық, дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
- Ғылыми-зерттеу бағыттары: психодиагностикалық жүйе кешені аясында жобалар дайындау және жүргізу.
- Қолданбалы бағыттар: оқытушылар мен ата-аналардың психологиялық компетенцияларын жетілдіру.
- Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
- Психологтың консультациясына жазылу (WhatsApp арқылы) 8(775) 309 00 01
МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Менталды денсаулықты дамыту орталығының Республика деңгейіндегі тәжірибе алмасу жұмыстары
2022 жылғы 26 қарашада офлайн және онлайн форматта Педагогикалық ғылымдар академиясының кезекті сессиясы өтті. Академия президенті, Ғылым академиясының академигі Ә.Құсайынов «Мектепте саналы ұрпақ тәрбиесін ғылыми-практикалық тұрғыдан жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
2023 жылдың 27 қаңтарында "Ұрпақ тәрбиесінің құндылықтар негізі" кітабының тұсаукесері өтті, авторларға алғыс хаттар мен Қазақстанның Педагогика Ғылымдары Академиясының толық мүшесінің куәлігі табысталды. Автор және Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы Мусина Сара Смановнаға табысталды.
9-10 ақпан Еуразия ұлттық университетінде жоғарғы оқу орындары проректорларымен, психологтары, министрлік өкілдері мен студенттердің қатысуымен жастарды әлеуметтендіруге арналған форум өтті.
Шара жоғары білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне арналған. Аталмыш форумда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілдері де арнайы сөз алды. «Тұлға қалыптастыру» департаментінде «Менталды денсаулықты дамыту» орталығы жұмыс жасайтыны, ол өз кезегінде студенттермен жұмыс жасай отырып, жаңа идеяларды қалыптастырады және студенттердің өнімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс атқаратыны жеткізілді. Орталық жауапкершілік принциптеріне жаңа көзқараспен қарай отырып, команда құрамында коуч- психолог, психолог, теолог мамандарымен қамтамасыз етіп отырғаны айтылды. Форумға Менталды денсаулықты дамыту орталығының басшысы Салима Бегасильева Аскаркызы, коуч-психолог Мусина Сара Смановна , психолог Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы қатысты. Тұлғаны қалыптастыру департаментінің тәжірибесі, соны ішінде «Менталды денсаулықты дамыту» орталығы жұмыс жоғары оқу орындары өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты әріптестерімізді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз және тәжірибемізбен бөлісуге әрқашан қуанышты екені жеткізілді.
2023 жылғы 28 ақпанда "Ой Сана" психологтарының қоғамдық бірлестігі тәжірибе алмасу және мұғалімдерді жетілдіру курсы бойынша дәріс оқу мақсатында арнайы шақыру бойынша "ТШО"ЖШС компаниясынан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Менталды денсаулықты дамыту орталығы хат алды. Дәрістің мақсаты "Теңізшевройл" ЖШС компаниясының гранттық қолдауымен "педагог-мамандардың инклюзивті білім беруін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету" жобасын Атырау облысына, Маңғыстау облысына және барлық аудандарды қамтуды іске асыру болып табылады.
2023 жылғы 6-9 наурызда Атырау, Маңғыстау облыстарында "педагог-мамандардың инклюзивті білім беруін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету" бағытталған дәріс теориясы-практикасы жобасы іске асырылды, 125 педагог қамтылды (Директорлар, меңгерушілер, пән мұғалімдері, тәрбиешілер, психологтар, логопедтер және ЕДШ орталықтары және .т. б.). бұл жобаны С.С. Мусина жүргізді және жүзеге асырды.
27-28 сәуір 2023 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» республикалық форумының ашылу салтанаты өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан форум ұлт тарихындағы кемеңгер тұлғалардың парасат пайымын зерделеу, олардың ой мұрасын, тәлімдік қасиетін жаңғырту, ұлттық тәрбие желісін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру міндетін көздейді.Форум жұмысына еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілдері, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, республикадағы жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие істері бойынша проректорлары, оқу орындарының департамент басшылары қатысты.Университетімізден Менталды денсаулықты дамыту орталығының басшысы Бегасильева Салима Аскаркызы, психолог Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы қатысып қайтты.
2023 жылғы 24 мамырда Сүлейман Демирил атындағы университеттінде ХХІ ғасырдағы жоғары оқу орындарында "психологиялық қызмет" жұмысының орындылығын талқылау, тәжірибе алмасу, психологтардың жұмысындағы маркетингтік алаңының орнын анықтау, олардың әлеуетін арттыру, студенттерге психологиялық қолдау көрсету жолдарын табу мақсатында форум өтті. Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологтары Мусина Сара Смановна, Қырқанбасова Гульжанат Батыркановна қатысты.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «ҚР жоғары оқу орындарындағы психологиялық қызметін дамыту» республикалық форумы
2023 жылғы 30 мамырда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Менталды денсаулықты дамыту орталығының басшысы Салима Бегасильева Аскаркызы, коуч-психолог Мусина Сара Смановна , психолог Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «ҚР жоғары оқу орындарындағы психологиялық қызметін дамыту» тақырыбында өткен республикалық форумға қатысты.
Форум мақсаты – жоғары оқу орындарындағы «Психологиялық қызмет» секторының жұмысын дамыту, тәжірибе алмасу, психолог мамандардың әлеуетін арттыру, психологтардың студент-жастармен жұмыс процессін оңтайландыру, жастардың бойындағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
Ақтөбе өңірлік университетінде «Ұрпақ салауаты – ұлт байлығы» тақырыбында өткен республикалық форум 2023 жылғы 30 мамырда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы Г. Б. Кырканбасова Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Ұрпақ салауаты – ұлт байлығы» тақырыбында өткен республикалық форумға қатысты.
Форум мақсаты – балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелерін талқылау және шешу жолдарын қарастыру және психологтардың шығармашылық қарым-қатынасы үшін қолайлы жағдай жасау, тұлғалық және кәсіби өсу. Білім беру жүйесінде психологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жасалған «Денсаулық және салауаттылық» орталығы мамандарының «Өзін-өзі реттеу дағдылары» тренингін, «Әйелдердің өзін-өзі қорғаудың тиімді әдістері» шеберлік сағаттарынан тәжірибе жинақтады.