Бакалавриатқа қабылдау
-
Оқуға түсу
-
+ Қажетті құжаттар
-
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Негізгі орта жалпы білім туралы аттестат (11 сыныптан кейін) немесе диплом (колледж түлектері үшін) қосымшаларымен, түпнұсқа + көшірме;
- ҰБТ сертификаты мектеп түлектері үшін шекті балл 75 немесе одан жоғары, колледж түлектері үшін шекті балл 35 немесе одан жоғары (колледж түлектері ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда әңгімелесу арқылы ақылы бөлімге қабылданады;
- №075 формадағы медициналық анықтама және флюорография суреті түпнұсқа + көшірме;
- Денсаулық паспорты немесе 063 формадағы егу картасы 2 көшірме;
- 3х4 өлшеміндегі 2 фотосурет;
- Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (түпнұсқа + 2көшірме) және талапкер 18 жасқа толмаған болса ата-анасының жеке куәлігі (түпнұсқа+көшірме);
- Ведомостан үзінді («Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін арнайы емтихан нәтижесі немесе шығармашылық дайындықты талап ететін білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін шығармашылық емтихан нәтижесі);
- Жеңілдікке құқық беретін құжаттар түпнұсқа мен көшірме (мүгедектер, толық емес отбасы, ата-анасынан айрылған балалар, көп балалы отбасы)
- Ақылы бөлімге түсушілер 1 жылдық оқу ақысының 30%-ын төлеген түбіртек;
- тізімде көрсетілген барлық құжаттардың сканерленген электронды нұсқасы PDF форматында болуы керек.
- Талапкердің ЭЦҚ кілті (ЭЦП), егер талапкер 18 толмаған жағдайда ата-анасының ЭЦҚ кілті міндетті түрде қажет;
- Конверт А5.
+ Құжаттарды тапсыру мерзімі-
2025-2026 оқу жылының оқуға қабылдау мерзімдері
Құжаттарды қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау мерзімі - күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 10 тамыз аралығы.
Шығармашылық емтихандардың өту мерзімі:
- мемлекеттік грантконкурсына тапсырушы талапкерлер үшін күнтізбелік жылдың 8 шілде мен 13 шілде аралығы;
- ақылы бөлімге тапсырушы талапкерлер үшін күнтізбелік жылдың 20 шілде мен 15 тамыз аралығы.
Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына тіркелу - күнтізбелік жылдың 13-20 шілде аралығы.
+ Шығармашылық емтихан қорытындысыБайланыстар
-
Қабылдау комиссиясы: +7 727 237 00 77
-
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар