Тұрақты даму мақсаттары және экология

    • «Тұрақты даму мақсаттары және экология»

      Мақсаты: қоршаған әлемнің жалпы экологиялық бейнесін жасау және оған адамның әсерін айқындау.

      САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

       XXI ғасырда ғылымның жаңа құндылықтарын игеру адамзат қоғамының дамуын жаңа биіктерге көтеріп, адамзат әлемін бір-біріне тығыз байланыстыруда. Жоғарғы технологиялар, ақпарат, әлемдік  экономиканы  игеретін жаңа ғасыр келді.

      Осыған орай жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа ұлттық моделін жүзеге асыру, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық зерттеулерін қарастырып сапалы білім беру бағытында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жемісті жұмыстар жүргізуде. Профессор - оқытушылар құрамы қазіргі заманғы жаңа технологияларды пайдаланып жоғарғы деңгейде ашық сабақтар мен шеберлік, іскерлік сабақтарын өткізіп студентттерге тәлім береді. ж.ғ.м., аға оқытушы Садыкова Дамежан Адилхановна Ривин-Баженовтың топтап оқыту, а/ш.ғ.к., доцент Байташева Гаухар Өміралиевна Эдуард-де-Боне, а/ш.ғ.к., д.м.а. Медеуова Ғалия Жумахановна Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологияларын пайдаланып жоғарғы деңгейде дәрістер өткізуде.

      Example image

      Оқу үдерісінде студенттердің зияткерлік күш-жігерлерін дамыту үшін жаңа көзқарастар мен жаңа әдістерді дамыту, студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын ынталандыру арқылы білім беру басты мақсат.

      Студенттердің білімін жетілдірумен қатар кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған түрлерін, оны орындауға жұмсалатын уақытты және нәтижесін айқындайтын критерилерін саралап, өзіндік  ерекшелігін айқындау арқылы оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларын  пайдаланып білім беру,  жоба бойынша шығармашылық қабілетін дамыту студенттерді ой өрісін дамытуға бағыттайды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы бұл бағытта аянбай еңбек етіп, терең білім алуға мүмкіндік беретін оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, жариялауда. Атап айтсақ Байташева Г.Ө., Мусина А.С., Садыкова Д.А. т.б.

      Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелерін зерттеу мақсатында Университетте Зерттеу орталығы ашылған.

      Орталықтың негізгі мақсаты  ғылыми, қоғамдық және басқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын мекемелермен және ғылыми жобалар мен оларды жүзеге асыру және орталықта мемлекеттік білім беру қызметкерлері мен өндіріс қызметкерлерінің білімдерін жетілдіруді ұйымдастыруды қамтиды. 

      Орталықтың міндеттері:

      • Заманауи материалдық-техникалық база университет қызметкерлерінің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми бағыттағы жұмыстарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
      • Ғылымның дамуы саласында ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларға, соның ішінде қолданбалы және іргелі зерттеулерге  қатысу;
      • Жаңа технологияларды жасау мен жүзеге асыру процестерін өңдеу және маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу;
      • Оқу-ғылыми-өндірістік қызметтестік негізінде өндірістің жоғары технологиялық салаларына қажетті мамандар даярлауға қатысу
      • Заманауи жоғары класты тәжірибелік техникамен жұмыс жасайтын орталықтың мамандарын дайындау
      • Жастарды ғылымға тарту мақсатында магистерлік, PhD диссертациялық жұмыстардың нәтижелерін  оқу процесінде  қолдану;
      • Соңғы үлгідегі  замануи ғылыми-техникалық құралдарды  қолдана отырып, ғылыми-техникалық және білімдік сипаттағы мәселелерді шешу
      • Ғылыми және ғылыми-білімдік инфрақұрылымды дамыту мақсатында және ғылыми-халықаралық байланыстарды кеңейту мақсатында мемлекеттік және шет елдік жобаларға қатысу
      • Орталықтың жұмыс бағыты бойынша басқа ғылыми  және әр түрлі басқа  мекемелермен  бірге жобалар жасау және жүзеге асыру, тікелей байланыс орнатуды қамтиды.

      ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ

      Барлығы үшін қауіпсіз су ресурстарына және санитарияға қол жетімділікті және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету

      • Суға, санитария мен гигиенаға қол жеткізу - бұл адам құқығы. Бірақ миллиардтаған адамдар күнделікті өмірде ең қарапайым қызметтерге қол жеткізуге тырысып қиындықтарға тап болады
      • Дүние жүзінде шамамен 1,8 миллиард адам бактерияларымен ластанған ауыз су көздерін пайдаланады
      • 2,4 миллиардқа жуық адамға дәретхана сияқты санитарлық қызметтерге қол жетімсіз.
      • Таза су көздерін табу немесе заманауи тазарту технологияларын жасау бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл бағытта да университтетің профессор-оқытушылар құрамы іздену үстінде.  
      • Денсаулық сақтау мекемелерінің әрбір 4-інде негізгі су қызметтері жетіспейді;
      • 10 адамның 3-і қауіпсіз ауыз су қызметтеріне қол жеткізе алмайды, ал 10 адамның алтауы қауіпсіз санитарияға қол жеткізе алмайды (WHO and UNICEF, 2017).
      • 1990 жылдан - 2015 жылға  әлем халықтарының тазартылған су рессурстарын қолдануы  76% дан  90%-ға артты https://www.who.int/
      • Әлемдік деңгейде 40% халыққа су жетіспеушілігі байқалады және ол өседі деп болжанып отыр.  Қазіргі таңда  1,7 миллиардтан астам  өзен жағалауларында тұрып суын тұтынады ал ол қайта қалпына келу мүмкіндігін  азайтады. https://wedocs.unep.org/bitstream/handle/20.500.11822/25761/SDG6_Brief.pdf
      • 2,4 миллиард адамға санитарлық қызмет (дәретхана) қол жетімсіз;
      • Ақаба судың 80% адам іс әрекетінің нәтижиесінде түзіліп ешқандай тазалаусыз өзен көлдерге төгілуде.  
      • Күнделікті диарейалық аурулардан   1 000 бала өлімі   тіркеледі., ал мұны таза су және санитариялық мақсатты орындап алдын алуға болады.
      • 70% дай су,  өзен көлдерден алынып суаруға пайдалануда.
      • Су тасқыны жәнеде судан келетін апаттар, халықтың жалпы өлімінің 70% құрайды.

      Интернет ресурстар:

      ҚЫМБАТ ЕМЕС ЖӘНЕ ТАЗА ЭНЕРГИЯ

      Барлығына қол жетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергияға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

      Біздің күнделікті өміріміз:

      • қымбат емес сенімді энергетикаға;
      • сабақтастық және әділетті дамуға мұқтажбыз.
      • Энергетикалық жүйе экономиканың барлық салаларының дамуына ықпал етеді.
      • Энергиямен жабдықтау және энергия түрлендіру жүйелеріне қол жетімділіктің болмауы адами және экономикалық дамуға кедергі болып табылады.
      • Баламалы энергия көзін қолдану мақсатында Университет ғалымдары еңбектенуде.
      • Профессор –оқытушылар «Болашақ» стипендиясы бойынша 1-жылдық тәлімнаманы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі емес энергия көздері» атты зертханасында өтіп келді.
      • «БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ, ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ӨНДІРІС ЖӘНЕ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ» атты халықаралық ғылыми онлайн конференциясын өте жоғары деңгейде өткізді.

      Интернет ресурстар:

      • Барлығы үшін тұрақты энергия https://www.un.org/ru/chronicle/article/22061
      • Энергия және климаттың өзгеруі (UNIDO) https://www.unido.org/
      • БҰҰ-Энергетикалық желі https://un-energy.org/
      • Тұрақты энергетикалық орталықтардың ғаламдық желісі https://www.youtube.com/watch?v=HCQI3Pt46Rw
      • Zambia - Жаңартылатын энергия, 8:03
      • Шивангандудағы шағын су электр станциясы. Бұл Замбияда өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап салынған алғашқы электр станциясы және БҰҰ Индустриалды Даму Ұйымы (ЮНИДО) және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздері жобасының бөлігі.
      • Үйлерде, мектептерде және ауруханаларда жарықтандыруды электрмен жабдықтау, ауылдық елді мекендерде табыс әкелетін қызметті ынталандыру арқылы 25000-нан астам адамға пайда әкеледі. https://www.youtube.com/watch?v=0OuzjoUXP28

      CTCN - климаттық технологиялар орталығы және желісі, 4:05

      CTCN бүкіл әлем бойынша техникалық сарапшылар желісі арқылы климаттық технологиялар туралы жедел және практикалық білімге қол жеткізуді жеңілдетеді. https://www.youtube.com/watch?v=qHvgZxE3F6o

      ЖАУАПТЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС

      Кешенді химия-биологиялық ғылыми зерттеу орталығы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда сапалы білім беру мен жауапты тұтыну және өндіріс бағыттарында жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

      Орталық базасындағы бағыттардың бірі – фосфор органикалық қосылыстар негізінде өсімдіктің өсуіне үдеткіш ретінде қолданылатын заттар алу. Фосфор органикалық қосылыстар (ФОҚ) қазіргі уақытта халық шаруашылығының әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Олар полимерлі материалдар, майлау майлары, гербицидтер, инсектицидтер мен фунгицидтер үшін антиоксиданттар, фото- және жылу тұрақтандырғыштар ретінде пайдаланылады. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығында өсімдіктерді қорғау және арамшөптерге қарсы күрес ретінде қолданылады. ФОҚ-қа негізделген бірқатар дәрі-дәрмектер медицинада қолданыла бастады. Кейбір ФОҚ қосымшаларын синтетикалық шайырларға қосқанда оларға жанғыш емес қасиет береді, бұл пайдалану қасиеттері бар құнды, жаңа отқа төзімді полимерлерді алу мүмкіндіктерін ашады.

      Алынған жаңа фосфор органикалық қосылыс ауылшарушылығының өнімділігін арттыруда тиімді екені анықталып отыр. Алынған зерттеу нәтижесінде көкөністердің  өнімділігіне әсер ететіндігі анықталып,  пайдалы модель, өнертабыстық патенттер алынды.

      • Егер 2050 ж. планетадағы халық саны 9,6 миллиардқа, жетсе барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін Жердің үш планетасының ресурстарын қажет етеді.
      • Металл емес пайдалы қазбаларды құрылыста және инфрақұрылымда пайдаланудың артуымен адамзаттың «материалдық ізі» көлемі өсті. Дамушы елдерде 2000 жылда 5 тоннадан в 2017 жылы  9 тоннаға артып отыр.
      • 250 әлемдегі ірі компаниялар өндірістің тұрақтылығы туралы 93% есеп береді.

      КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕС

      • Адамдар тудырған климаттың өзгеруі біздің өмір салтымызға және планетамыздың болашағына қауіп төндіреді.
      • Климаттың өзгеруімен күресу арқылы біз барлығына тұрақты әлем құра аламыз.
      • Бірақ біз қазірден әрекет етуіміз керек.
      • 2015 жылы әлемде инвестиция мөлшері жаңартылатын энергия көздері $ 286 млрд құрады, бұл қазба қалдықтары отын түрлері  инвестициясының екі еседен көп көлемінен асып кетті.

      Әлемдік деңгейдегі адамзат алдындағы ғаламдық өзекті мәселелердің бірі экологиялық проблема. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым – қатынастардың, табиғат тепе-теңдігінің өзгеруі айналадағы ортаның ластануы мен антропогендік ландшафттардың  қалыптасуына әсер етеді. Табиғатқа, табиғат ресурстарына деген шектен тыс тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп, оның зардаптары тірі ағзаларға, адамдарға әсер етуде. Осының салдарынан жер бетінде қышқыл жаңбырлар, топырақ эрозиясы, қатерлі аурулар мен озон қабатының жұқаруы т.б. қауіпті зардаптардың деңгейі артып  ғаламдық  экологиялық проблемалар туындауда. Осыған орай әлем мемлекеттері ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып шешу  бағыттарын жан-жақты қарастыруда. Қазақстанның құрғақ климаттық белдеуде орналасуы, жер асты және үсті байлықтарын шектен тыс пайдалану, орман ресурстары жер көлемінің азаюы, шөлді аймақтарды  игеру, зауыт-фабрика, полигондарды пайдалану еліміздегі экологиялық  проблемалардың  пайда  болуына әсер  етті. 

      Тұжырымдалған емен, арша өсірудің арзан әдістемесімен өсірілген көшеттерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ауласына отырғызу сәті. «Қазақ табиғатты қорғау қоғамы»-ның  ұйымдастыруымен  Алматы қаласы  Медеу шатқалында ұйымдастырылған қалалық «Қала ауасын қорғаймыз!» тақырыбында акция өтіп оған қала әкімшілігі, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Онда Медеу шатқалына 1000 түп ағаш отырғызылды және қоршаған ортаны қорғау мақсатында  сенбілік  ұйымдастырылып Алматы қаласының экологиясын жақсартуға үлес қосқандары үшін қала әкімшілігінің «Құрмет Грамотасы»мен марапатталды. Сонымен бірге Іле Алатауы ұлттық саябағында ағаш отырғызу акциясы өткізіліп Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға байланысты іс-шараға белсенді қатысқаны үшін  қала әкімшілігінің «Алғыс хаты»-мен марапатталды.

       

      Интернет ресурстар:

      ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ

      • Біздің планетамыздағы жердің шамамен 31% -ы ормандармен жабылған.
      • Ормандар бізді өмірлік ресурстармен қамтамасыз етеді - ауамен ауыз сумен және тамақпен.
      • Планетадағы 1,6 миллиард адам үшін орман - тіршілік көзі.
      • Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін әлем халқының 75% дерлік жердің деградациясы тікелей әсер етеді.
      • Құрлықта тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктердің барлық түрлерінің 80% -дан астамы ормандарда шоғырланған. Малдың белгілі 8300 түрінің 8% -ы жойылды, 22% -ы жойылу алдында тұр. 
      • Биоалуантүрлілік және оған тәуелді экожүйелік қызметтер климаттың өзгеруіне бейімделудің және апаттардың қаупін азайтудың негізгі стратегиясы болып табылады,
      • Өйткені олар адамның климаттың өзгеруіне осалдығын төмендететін жеңілдіктер жасайды.
      • Табиғи ландшафттар рухани құндылықтармен, діни және дәстүрлі ілімдермен тығыз байланысты.

      Қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында университет тарапынан айтарлықтай үлес қосылуда.

      Алматы қаласының ауа бассейінінің экологиялық проблемалары, алдын алу бағытында «Табиғат» экологиялық одағы «Экологиялық тұрғыдан таза көлікке жол!» ұранымен  велотрасса, мототрасса спорттық сайыс  жобасын  ұйымдастырды.  «Велотрасса» және «мототрасса» спорттық сайысын ұйымдастырушылар құрамында профессор Мусина Айда Слямхановна белсенді жетекшілік жасады.