• Кафедра туралы

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 1992 ж.,  Жаратылыстану факультетінің «Физика және еңбек кафедрасына» қарасты «Еңбек және киім үлгілерінс әндеу» мамандығы ашылды. Мамандық ашылуына ұлағатты ұстаздар С.Мұқтаров, Ә.Ж.Жамалов Т.Ж. Шилібаева, Ш.А.Абдуалиева, Дарменова Р.А., Н.Б.Рахметова, Қ. К.Алтынбековалар үлес  қосты.  2004 жылы «Кәсіптік оқыту және еңбек» кафедрасы болып жеке бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. доцент Ж.Аскарова, Н.Б.Рахметова қызмет атқарды. 2008 жылы кафедраның атауы  «Кәсіптік білім» болып ауысты, 2021 жылға дейін  п.ғ.к., профессор м.а. Р.А. Дарменова кафедра меңгерушісі лауазымын атқарды.  Кәсіптік білім беру кафедраның бағдарлама көшбасшысы (меңгеруші) лауазымын 2021 жылдан бастап өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, профессор м.а. Крыкбаева Сара Мукашевна басқарады. Кафедра В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау  білім беру бағдарлама тобы негізінде 6В01404 Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік, 6В01402 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламалары және 7М01402 Кәсіптік оқыту, 7М01403  Көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламалары бойынща педагог мамандарын даярлайды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламасы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR), "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингілерінен жоғарғы оқу орындары арасынан 2020 жылы 7М01402 – Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы 1 орын, 2021 жылы 6В01404-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы 3 орын, 2022 жылы 6В01406-Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік білім беру бағдарламасы 1 орынды иеленді. Білім беру бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылардың жетекшілігімен дайындалған магистранттар мен студенттердің ғылыми еңбектері, шығармашылық жұмыстары жыл сайын өтетін халықаралық, республикалық конференциялар мен симпозиумдар, көрмелер, олимпиадаларда жүлделі орындармен жеңістікке ие. Кәсіптік білім беру кафедрасының профессор ғалымдары монография, мектеп оқулықтары мен білім беру бағдарламаларының авторлары, Қазақстан мәдениет саласының үздігі, Қазақстан суретшілер одағы, Ресей суретшілер академия одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшелері болып табылады. Кафедрада ҚР мемлекеттік тізіміне тіркеліп монография, оқулыққа авторлық куәліктерді ө.ғ.к., профессор м.а. С.М. Крыкбаева, профессор м.а., п.ғ.к. Н.Б.Рахметова, PhD, қауым. профессор м.а. Л.Б.Иманкулова, магистр, аға оқытушы Г.А. Абдурахманова, профессор м.а., п.ғ.к. Р.А.Дарменова  және өнертабыс патентін магистр, аға оқытушы У.Н. Бегешова алды. Білім беру бағдарламасы бойынша «Көркем ART» орталығы,  «DARA ART» галерея, «Сән әлемі» шығармашылық курсы, «жұмыс жасайды. Сиқырлы қылқалам» және «Ledy ART» үйірмелерде «Кәсіптік оқыту» және «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламаларының білім алушылары түрлі дағдыларды жетілдіріп, өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылықтарын дамытады.

    Халықаралық байланыс

    • Түркия, Ақдениз университеті
    • Түркия, Анкара Хаджи Байрам Вели университеті
    • Қытай, Гонконг университеті

    Стратегиялық мақсаты

    Елдің адами капиталы дамуына кәсіби табыс әкелетін жоғары білікті педагог мамандар дайындау.

    Кафедра миссиясы

    Педагогикалық және ғылыми біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету.

    Сертификаттар

    Қадрлық құрам

    Жүктеу...