Магистратураға қабылдау

    • + Үміткерлерге қойылатын талаптар
      • Оқу ақысы
      • Магистратураға қабылдау

        Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына байланысты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистратураға, докторантураға қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың бюджеттен тыс және өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

        • Магистратураға, докторантураға, ЖЖОКБҰ-на тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
        • ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі жүзеге асырылады.
        • ҰТО-ның  ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау, app.testcenter.kz сілтеме арқылы тіркелу, жеке кабинет ашу мен (КТ тапсыру орны, күні, тапсыру уақыты жеке кабинетте көрсетіледі) 1 маусым - 8 шілде (жазғы қабылдау), 28 қазан - 10 қараша (қысқы қабылдау) аралығында өтініш қалдыру арқылы жүргізіледі.

        КТ күнтізбелік жылдың 20 шілдесі мен 10 тамызынан (жазғы қабылдау), 21 қарашадан 28 қарашаға дейін (қысқы қабылдау) өткізіледі.

        Оқуға түсу үшін өту балдары:

        • ғылыми-педагогикалық магистратураға грантқа және ақылы бөлімге-75 балл;
        • бейіндік магистратураға грантқа және ақылы бөлімге - 30 балл;

        Шекті балл жинаған оқуға түсушілер білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін келесі тізімге сәйкес қажетті құжаттарды тапсырады.

        Бұдан әрі ЖОО-ның қабылдау комиссиясы құжаттарды ҚР ҒжЖБМ-не конкурсқа жіберіледі.


      • Қабылдау үшін қажетті құжаттар

        Түсу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

        • 1) Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш;
        • 2) жоғары білім туралы құжат (қосымшасы бар диплом, түпнұсқасы);
        • 3) жеке куәліктің көшірмесі-2 дана;
        • 4) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда):

         ағылшын тілін білу бойынша:

        • IELTS Academic, шекті балл-кемінде 6,0;
        • TOEFL IBT, шекті балл-кемінде 60 балл;

        неміс тілін білу бойынша:

        • DSH - B2 деңгейінен төмен емес;
        • TDF - B2 деңгейінен төмен емес;

        француз тілін білу бойынша:

        • TFI-В2 деңгейінен төмен емес;
        • DELF-В2 деңгейінен төмен емес;
        • DALF-В2 деңгейінен төмен емес;
        • TCF-В2 деңгейінен төмен емес;
        • 5) флюорографиясы бар 075/Е нысанындағы медициналық анықтама;
        • 6) Фото 3 * 4 см. - 4 дана;
        • 7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
        • 8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

        Ескерту:

        • 3,8-тармақтардағы құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады;
        •  Жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
        • Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 ЖОО-нын көрсетеді.

      • БББ бойынша бейіндік пәндер

      Байланыстар