Докторантураға қабылдау
-
Оқуға түсу
-
+ Үміткерлерге қойылатын талаптар
-
Докторантураға қабылдау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына байланысты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистратураға, докторантураға қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың бюджеттен тыс және өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады
Докторантураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдарға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.
ЖЖОКБҰ докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүргізеді:
- күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін;
- күнтізбелік жылғы 25 қазаннан 10 қарашаға дейін.
GRE (Graduate Record Examinations) халықаралық стандартталған тест сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханына қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізуі қажет.
Көрсетілген сертификат балдарын түсу емтиханының балдарына ауыстыру Қағидаларға кестеге сәйкес мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берген кезде немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде жүзеге асырылады.
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;
- күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.
Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.
Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
- күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызмет алушыны ЖЖКОБҰ-ға магистранттардың немесе резиденттердің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
-
Қабылдау үшін қажетті құжаттар
- еркін нысандағы өтініш;
- білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
- International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл кемінде – 5.0;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл кемінде – 35 балл;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл кемінде – 417;
- TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде – 550;
- Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
- Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
- TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
- Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
- Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;
- Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – В1 деңгейінен төмен емес;
- Test de connaissance du français (TCF) – В2 деңгейінен төмен емес;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды. Қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек. Қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның жеке кабинеті арқылы жолданады. Қосымша тестілеу нәтижелері қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі. Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
- 4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.
- 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
- Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
-
Құжаттарды тапсыру мерзімі
- оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
- эссе жазудан;
- білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.
Қорытынды баға эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелеріні қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.
Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:
- әңгімелесуге – 20 минут;
- эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).
+ Докторантураға дайындалуға арналған эссе сұрақтары- D011-Физика педагогтерін даярлау
- D012 – Информатика педагогтерін даярлау
- D013 – Химия педагогтерін даярлау
- D014 – Биология педагогтерін даярлау
- 5.D010 – Математика педагогтерін даярлау
- D015 – География педагогтерін даярлау
- 7.8.D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
- D060 - Филология
- D019 – Шет тілі педагогтерін даярлау
- D089- Химия
- D090- Физика
+ Докторантураға дайындалуға арналған сұрақтары- D010 – Математика
- D011 – Физика
- D012 – Информатика
- D013 – Химия
- D014 – Биология
- D015 – География
- D017 – Подготовка педагогов Казахского языка и литературы
- D018 – Подготовка педагогов Русского языка и литературы
- D019 – Подготовка педагогов Иностранного языка
- D060 – Филология
- D089 – Химия
- D090 – Физика
+ PhD докторантура бойынша мемлекеттік тапсырыс-20242024-2025 оқу жылына арналған PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (ҚазҰТЗУ)
ЖЖОКБҰ атауы
Білім беру бағдарламалары тобының коды мен атауы
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша
Орын саны
оның ішінде мақсатты орындар
Ұйымның атауы
Орын саны
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
D010 - Математика педагогтерін даярлау
2
D013 - Химия педагогтерін даярлау
1
D014 - Биология педагогтерін даярлау
1
D015 - География педагогтерін даярлау
1
D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
1
D019 - Шет тілі педагогтерін даярлау
2
D060 - Филология
1
Барлығы
9
Байланыстар
-
Колл- центр: +7727 237-00-86
Қабылдау комиссиясы: +7 (727) 237-00-89, +7727 237-00-77
-
Докторантураға қабылдау