• 1944 жылы құрылған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QyzPU) студенттер мен академиялық қызметті қолдау үшін ауқымды инфрақұрылым ұсынады. QyzPU Алматы қаласының тарихи орталығында орналасқан және жалпы ауданы 50 000 шаршы метрден асатын заманауи инфрақұрылымы бар жетекші білім беру мекемесі болып табылады. Экологиялық бастамаларға ерекше назар аударылады, сондықтан университет жыл сайын «жасыл» бұрыштар санын ұлғайтады, бұл шамамен ағаштар мен гүлдер түріндегі 5000-ға жуық екпені құрайды. Мегаполистің элиталық ауданында орналасқан университет кампусы республикалық маңызы бар Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Студенттердің жан-жақты дамуына арналған оқу, тұрмыс, спорт, демалыс, емдеу және студенттік өмірдің басқа да аспектілері бойынша олардың негізгі қажеттіліктерін қамтиды.

      QyzPU студенттердің, аспиранттардың, қызметкерлер мен оқытушылардың оқуы, жұмыс істеуі және демалуы үшін барлық жағдайларды жасайды.

      Оқыту мен ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырудың үздіксіз процесі барлық қажетті техникамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған үш оқу корпусында жүзеге асырылады. ЖОО-да «Аққу» жүзу бассейні, жеті жатақхана, тамақтану комбинаты (екі асхана мен буфет), сондай-ақ жаттығу залы бар спорттық-сауықтыру кешені бар.

      Комфортты лекциялық залдар, бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған зертханалар, заманауи бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтылған компьютерлік сыныптар, дипломдық жобалау кабинеттері ең қатаң талаптарға сай келеді. Әр жылдың қыркүйек айында арнайы комиссия университеттің жаңа оқу жылына дайындығын анықтайды, әсіресе оқу аудиторияларының, зертханалардың, қызметтік бөлмелердің, холлдар мен демалыс орындарының санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағдайына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл бөледі. Жыл бойы барлық қолданыстағы бөлмелер жөнделіп, әрленіп, қажетті жиһазбен және керек-жарақтармен жабдықталады.

                               

                              

      Университетте Интернетке шығатын жергілікті желі орнатылған, ал Wi-Fi станциялары бүкіл университет аумағында жылдам Интернет таратады. Ғылыми-оқу процесі жүзеге асырылатын әрбір корпусында конференц-зал немесе көп қатысушыны жинайтын іс-шараларға арналған арнайы орындар, акт залы және басқа да қажетті орындар бар. Бүкіл университет бойынша бейнебақылау жүйесі орнатылған. Web-семинарлар мен онлайн конференциялар өткізуге арналған арнайы залдар да бар.

                             

                                                                    

      Университеттің басты корпусында қоры 1 миллионнан астам әдебиет даналарын қамтитын ғылыми-техникалық кітапхана орналасқан. Университетте барлық дайындық бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдай жасалған.

      Сондай-ақ, мұнда заманауи Коворкинг орталығы (Р.Б.Айтиева атындағы аудитория), подкасттарды жазуға арналған студия орналасқан, сондай-ақ студенттер мен оқытушыларға жұмыс пен шығармашылық үшін қолайлы және функционалдық кеңістікті қамтамасыз ететін баспасөз қызметтері ұсынылады

                                 

                                                                    

      Университетте жасалған жағдайлар әрбір бағыт бойынша жоғары білікті мамандар даярлауға, жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуге, орындалатын жұмыстан қанағаттануға мүмкіндік береді. Дамыған ішкі инфрақұрылымның арқасында университет студенттердің оқуына, спорттық және шығармашылық дамуына барынша қолайлы орынға айналды.