Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
-
Университеттегі өмір
-
Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! Біздің университет қауіпсіздік шараларына, өрт қауіпсіздігіне, сейсмикалық қауіпсіздікке, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға ерекше көңіл бөледі.
Университетте Азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бар. Ол штатта бөлім басшысы және қауіпсіздік техникасы мен азаматтық қорғаныс инженері (ҚТ және АҚ) қызмет атқарады.
Университетте еңбек кодексіне сай ішкі қадағалау режимі жүзеге асырылады. Барлық оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушыларға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары бар.
Университет пен жатақханалардың барлық бөлмелері өртке қарсы қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген. Яғни өрт дабылы, өрт сөндіру крандары мен өрт сөндіргіштер орнатылған, дыбыстық құлақтандырғыштар мен эвакуациялық шығу жолдары бар. Барлық қызметкерлер Қ және ЕҚ, АҚ және ТЖ бойынша нұсқамадан өтті.
Университетте медициналық пункт орналасқан. Онда күн сайын медицина қызметкерлері жоғары оқу орны аумағында және үй-жайларындағы (оның ішінде карантинге байланысты) жағдайды бақылап, мониторинг жүргізеді. Университетте жүзу бассейні бар, онда жүзу бойынша жаттықтырушы-нұсқаушылар және медбикелер жұмыс істейді. Жоспарланған кестеге сәйкес барлық үй-жайларда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Жыл сайын университет білім алушылары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жобалар іске асырылады. Алғашқы өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын қолдануды көрсете отырып, қызметкерлер мен білім алушылардың барынша көп санын тарта отырып, өртке қарсы және сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Қ және ЕҚ, АҚ және ТЖ бойынша нұсқаулықтар әзірленді. Онда өрт, улы газбен улану, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық егжей-тегжейлі сипатталған.
ТЖ алдын алу мақсатында білім алушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз өмір сүру шараларына оқытуды және білімді насихаттауды қамтитын профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бұл ретте адамның қауіпсіздік мәдениеті өмір бойы қалыптасуы тиіс. Бұған отбасы, оқу орындары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсенді қатысуы тиіс.