-
Медиа
-
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің негізгі міндеттері
1. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету:
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету; шараларды республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;
- Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыру;
- Спичрайтинг;
- Университеттің жағымды беделін қалыптастыруға бағытталған PR-кампанияларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің мекеме туралы қызметтік сұрақтарына мазмұнды әрі нақты жауап беру;
- Университет басшысының БАҚ-та сұхбаттары мен авторлық мақалаларын ұйымдастыру;
- Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету.
2. Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:
- Университет ректорының ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;
- Университет ректорының қызметі, оның ішінде ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;
- Бұқаралық ақпараттық құралдарында университет пен ректордың жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру.
3. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау:
- Университеттің www.kazmkpu.kz ресми интернет ресурсына танымдық ақпараттарды, жаңалықтарды, хабарландыруды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру, SMM;
- Университетте өтетін іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын баспасөз хабарламасымен қамтамасыз ету;
- Университет газеті мен журналының шығармашылық жұмысын үйлестіру және уақтылы шығуын қамтамасыз ету;
- Университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жаңалықтарды, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;
- Жалпы университеттік шығармашылық конкурстардың қоғамдық комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыру.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ: