Сіздің өміріңіздегі маңызды кезеңдердің бірі, болашақ ересек өмірге іргетас ретінде қызмет ететін болашақ мамандықты таңдау тұр.
Мамандық сізге ұнайтын және қызықты болуы керек. Сіздің болашағыңыз тек сізге, сіздің қалауыңызға, біліміңізге және еңбекқорлығыңызға байланысты.
Бүгінгі таңда жоғары білім алу оңай емес, сондықтан университет пен мамандықты таңдауға жауапкершілікпен қарау керек. Мұғалім мамандығын таңдасаңыз, сіз әрқашан сұранысқа ие боласыз. Ал Жаратылыстану институтында білім алу өте ерекше және қызықты.
Профессор-оқытушылық құрамның негізгі басымдығы - нарықтың талаптарына сай және қарқынды дамып келе жатқан өндіріске негізделген жоғары сапалы білім беру. Бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жасалынған. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми жобаларға қатыстыра отырып, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандырудың жаңа технологияларын қолдана отырып оқытуда. Біздің студенттер жыл сайын студенттік конференциялар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады.
Құрметті талапкерлер және беделді білім алуға, кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерге ие болуға, тұрақты мансаптық өсуді қамтамасыз етуге қызығушылық танытқандар, біз сіздерді күтеміз және жаратылыстану институтында алға қойылған мақсаттарға жету үшін барлық жағдай жасалған деп сендіреміз.
Қош келдіңіз, Сізді қызықты оқиғаларға толы студенттік өмір күтеді!