Тарихы
-
Біз туралы
-
-
-
-
2011
-
2011-2012 оқу жылында университеттің редакциялық баспа кеңесі құрылды.
-
-
-
2011
-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығына сәйкес университетте Дайындық бөлімі ашылды.
-
-
-
2012
-
Дарынды талапкер қыздарды білім ордасына тарту мақсатымен 2012 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиада өткізіле бастады.
-
-
-
2013
-
Қазақстан Республикасы білім сапасын қамсыздандыру агенттігі жүргізген бас рейтинг бойынша Қыздар университеті еліміздегі 60 жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ішінде көшбасшы қатарына енді. «Ұлттық рейтинг – 2013» көрсеткіші бойынша республикалық үздік 30 жоғары оқу орны ішінде 12 орынды иеленсе, педагогикалық жоғары оқу орындары арасында екінші орынға ие болды. Тәуелсіз бизнес рейтингісінің 2013 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең ірі 30 кәсіпорынның қатарына еніп, «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификатымен марапатталды
-
-
-
2014
-
Университеттің 70 жылдығы аталып өтті
-
-
-
2014
-
Оқу орнының мерейтойына орай 450 орындық 9 қабатты жатақхана мен 32 орынды «Аққу» бассейні пайдалануға берілді. Сонымен қатар сол жылы «Қазақ аруы» ескерткіші ашылды.
-
-
-
2014
-
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен Халықаралық Түркі әлемі зерттеулеріне арналған симпозиум өтті.
-
-
-
2018
-
Оқу орнындағы кәсіби қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен дәріптеу мақсатында «Art Dara» өнер галереясы ашылды.
-
-
-
2018
-
«Dara» психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды
-
-
-
2018
-
Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталық ашылды
-
-
-
2018
-
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2018 жылғы ұлттық рейтингінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 7-орынға ие болды.
-
-
-
2018
-
Университет бастамасымен Қазақстан жас педагог-ғалымдардың бірінші республикалық Слеті қарсаңында отандық жас педагог-ғалымдардың Қауымдастығы құрылды
-
-
-
2018
-
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес құрылды.
-
-
-
2018
-
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді.
-
-
-
2019
-
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің рейтинг қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті еліміздің үздік университеттерінің «ТОП-20» тізіміне кіріп, жоғары оқу орындарының арасында ең жоғары позиция – 7-орынды иеленді. Ал институционалдық рейтингіде «Білім беру» бағыты бойынша Қыздар университеті 2-орынға ие болды.
-
-
-
2019
-
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанынан Кәсіби білім беру колледжі ашылды.
-
-
-
2019
-
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде робототехника зертханасы ашылды.
-
-
-
2019
-
2019 жылғы 23 қарашада университеттің 75 жылдығы аталып өтті.
-
-
-
-
-
2000
-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 906 бұйрығымен институтта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды дайындауға арналған бөлім ашылды. Жыл сайын бұл бөлімде 200 тыңдаушы білім алды. Олар тегін тұратын жатақханамен, үш мезгіл тамақпен, стипендиямен және бюджет есебінен жол ақысы өтемақысымен қамтамасыз етілді.
-
-
-
2000
-
Институттың Екібастұзда филиалы ашылды
-
-
-
2000
-
Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 16 қыркүйектегі №913 бұйрығымен институттың Гендерлік зерттеу орталығы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты болып қайта құрылды.
-
-
-
2000
-
Институтта Диссертациялық кеңес ашылып, «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика», «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі білім әдістемесі және теориясы», «Коррекциялық педагогика» мамандықтар бойынша кандидаттық диссертациялар қорғалды.
-
-
-
2000
-
«Томирис» эстрадалық-вокалды-аспапты ансамблі құрылды. Өнер ұжымы Венгрия, Чехия, Болгария, Түркия, Австрия елдеріне өз өнерімен танылды.
-
-
-
2001
-
Институттың Шымкент қаласында филиалы ашылды.
-
-
-
2001
-
Осы жылы студенттердің күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен мемлекеттік лицензияға сәйкес институтта 39 мамандық даярланды.
-
-
-
2001
-
Институттың ғылыми-зерттеу жұмысын басқару және жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында 2001 жылғы 17 қыркүйекте Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы құрылды.
-
-
-
2001
-
Халықаралық білім беру стандарттарының талабына сәйкестендіру бағытында мамандықтар тізбесі қайта жасалып, оқытудың кредиттік технологиясына жаппай көшудің негізі қалана бастады.
-
-
-
2001
-
2001 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізу бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты эксперименттік базаға айналды.
-
-
-
2001
-
2001 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындау барысында институт жанынан Компьютерлік технология орталығы құрылды.
-
-
-
2001
-
2001 жылғы 2 қыркүйекте институтта Оқытушылардың біліктілігін арттыру және жаңа мамандыққа дайындау орталығы құрылды.
-
-
-
2001
-
Институттың білім беру бөлімшелерінің құрылымын қайта ұйымдастыру кезінде Экономика және білімдегі сервис факультеті ашылып, оның құрамында экономика және менеджмент, кітапханатану, библиография және сервис, философия және саясаттану кафедралары кірді.
-
-
-
2002
-
Институт кадрлар даярлау жүйесінің екі сатылық жүйесіне көшті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің магистратура саласы ашылып, білікті ғылыми-педагогтік кадрлар магистратураның 14 мамандығы, докторантураныңі 8 мамандығы бойынша жұмыс істеді.
-
-
-
2004
-
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 60 жылдығы аталып өтті. Институттың мерейтойына арналған «Қазақ қыздарының парасат мектебі» кітабы жарық көріп, оқу орнының көптеген профессор-оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапатына ие болды.
-
-
-
2004
-
Оқу орнының тарихына және қазақ әйелі әлеміне арналған тұңғыш әрі бірегей «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі ашылды
-
-
-
2004
-
2004-2005 оқу жылында институт оқытудың кредиттік технологиясын барлық курстарға енгізе бастады. Осы кезде институт құрамында 5 факультет, 28 кафедра болды.
-
-
-
2006
-
Қыздар институты «Ұлттық экономика көшбасшысы – 2006» Құрмет белгісімен, Бизнес және менеджмент жоғары институтының «Тиімді дамушы кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын құйма» Халықаралық сыйлығымен марапатталды
-
-
-
2007
-
2007 жылы оқу орны ұжымы еуропалық стандартқа сай жоғары сапалы қызмет көрсетуге жету жолындағы ұмтылысы үшін «European Quality – Еуропалық сапа» халықаралық сапа марапатына ие болды.
-
-
-
2008
-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі №531 бұйрығы негізінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына «Университет» мәртебесі берілді.
-
-
-
2009
-
Университетте заманауи озық үлгідегі 420 орындық «Студенттер үйі» пайдалануға берілді.
-
-
-
2009
-
Мониторинг және білім сапасы менеджменті бөлімі құрылды. Сонымен қатар дефектология мамандығын дайындау мақсатында Арнаулы және әлеуметтік педагогика кафедрасы ашылды.
-
-
-
-
-
1987
-
Музыка-педагогика факультетінің жанынан би ұстазын даярлайтын мамандық (Қазақ КСР-нің халық әртісі Д. Абировтың бастамасымен) ашылды.
-
-
-
1988
-
Қазақ халқының фольклорлық музыкасы мен көне музыкалық аспаптарын насихаттау мақсатында «Ұлар» фольклорлық-этнографиялық ансамблі құрылды.
-
-
-
1989
-
1989 жылдан бастап оқу үрдісіне енген жаңалықтардың бірі – ұлттық дәстүрге байланысты «Халықтық педагогика» арнайы курсы енгізілді
-
-
-
1989
-
Ұлттық педагог кадрларды даярлау мақсатымен барлық мамандыққа «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері» арнайы курс оқытыла бастады
-
-
-
-
1990
-
1990 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында докторантура және аспирантура бөлімдерін ашу туралы № 365 бұйрығы шықты.
-
-
-
1991
-
1991 жылға дейін институтты республикамыздың әр өңірінде жемісті еңбек етіп жүрген 50 мыңға жуық педагог маман бітірді. Олардың арасында әр деңгейдегі жауапты қызметтер атқарып жүрген қазақ зиялы қыздарының үлкен шоғыры қалыптасты.
-
-
-
1991
-
1991 жылы 16 мамандық бойынша институт тарихында алғаш рет аспирантура ашылды.
-
-
-
1991
-
1991 жылдан бастап алдымен студенттер контингентінің ұлғаюына байланысты институттың білім беру бөлімшелерінің құрылымына өзгерістер енгізіле бастады. Факультеттер іштей бөлініп, жаңа кафедралар мен мамандықтар ашылды. Аталған жылы оқу ордасының бес факультетінен 296 түлек бітіріп шықты.
-
-
-
1994
-
1994 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрылғанына 50 жыл толды. Осы жылы білім ордасының жарты ғасырлық өмірінен сыр шерткен «Қызғалдақтар, қызғалдақтар...» атты кітап жарық көрді.
-
-
-
1994
-
Осы уақытқа дейін институт 13 мамандық бойынша 22 мыңнан астам маман даярлап шығарды. Осы жылдары білім ордасындағы үш оқу ғимараты, кітапхана, көп қабатты жеті жатақхана, екі асхана, буфет, денсаулық сақтау пункті 4 мыңнан астам студентке қызмет етті.
-
-
-
-
-
1984
-
1984 жылдан бастап институттың кітапхана, жаңа технологиямен жабдықталған дәрісхана, жатақхана, спорт кешендеріне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, материалдық базасы жаңғыртыла бастады.
-
-
-
1984
-
Қазіргі Әйтеке би көшесіндегі жаңа архитектуралық тәсілмен салынған зертханалық, оқу залдары бар бас ғимараты пайдалануға берілді.
-
-
-
1984
-
Тарих-педагогика факультеті екіге бөлініп, Тарих және Мектепке дейінгі тәрбие факультеттері пайда болды
-
-
-
-
-
1969
-
1969 жылғы 20 қазанда институттың 25 жылдық мерейтойы салтанатты түрде Абай атындағы опера және балет театрында аталып өтті.
-
-
-
1969
-
1969 жылға дейін 5 факультетте 192 оқытушы (оның ішінде 5 профессор, 49 ғылым кандидаты, доценттер) қызмет етті.
-
-
-
1969
-
Осы жылға дейін институт ауыл мектептеріне 4662 педагог дайындап шығарды.
-
-
-
1969
-
25 жылдық мерейтойында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды
-
-
-
1969
-
Институттың шет елдермен байланысы жақсара түсті. Румыния, Чехославакия, Венгрия, Югославия, Болгария, Бразилия, Куба, АҚШ, Дания, Үндістан, Мали, Корея елдерінен арнайы делегациялар келіп, оқу орнымен әріптестік байланыс жасауға ниеттестік білдірді.
-
-
-
1969
-
Тіл және әдебиет факультеті Филология факультеті болып аталып, оған профессор Зәки Ахметов басшылық жасады.
-
-
-
1969
-
Тарих факультеті жеке факультет болып қайта құрылды. Оның деканы болып осы факультеттің алғашқы түлегі Б. Ысқақова бекітілді.
-
-
-
1970
-
«Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы ашылды
-
-
-
1971
-
«Педагогика және психология (мектепке дейінгі)» мамандығы ашылды. Институттың республикада ең алғаш болып бұл мамандықтарды ашуы Қазақстандағы жоғары білім саласы үшін үлкен жаңалықтардың бірі болды.
-
-
-
1971
-
Тарих-педагогика факультеті жанынан құрылған «Қыз Жібек» эстетикалық клубы ашылды. Клубтың ең озық жұмыстары әрдайым мерзімді басылымдарда жарияланып, теледидарда кеңінен насихатталды.
-
-
-
-
-
1956
-
1956 жылғы 14 қыркүйекте КСРО Жоғары білім министрлігінің 1956 жылғы 18 тамызындағы № 139 бұйрығының негізінде институт барлық педагогикалық жоғары оқу орындары сияқты 5 жылдық оқу мерзіміне көшірілді
-
-
-
1956
-
Институтта сырттай оқу бөлімі ашылды
-
-
-
1956
-
1956-1957 оқу жылында институттың 9 кафедрасының құрамында 84 оқытушы (23 доцент, 28 аға оқытушы, 33 оқытушы) болды.
-
-
-
1956
-
Осы жылы 1-курсқа 200 студент қабылданып, барлық курстар бойынша институтта 702 студент білім алды
-
-
-
1958
-
Институттың Гоголь көшесіндегі оқу ғимараты толығымен, сонымен қатар № 2 және № 1 жатақханалар пайдалануға берілді
-
-
-
1959
-
Институттың оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұлағатты ұстаздармен толығып, оқу орнының материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкіндіктері арта түсті.
-
-
-
1961
-
Институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейіннен олар жеке факультетке айналды
-
-
-
1962
-
Ән-музыка факультеті ашылды
-
-
-
-
-
1944
-
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен 1944 жылғы 15 тамызда құрылды.
-
-
-
1944
-
Институттың ашылуына Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров, Нұртас Оңдасынов бастаған еліміздің зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қолдау білдірді
-
-
-
1944
-
1944 жылы Физика-математика, Тарих, Тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30 студенттен қабылдауға шешім шығарылды
-
-
-
1944
-
1944 жылы 2 жылдық дайындық курсы ашылып, оған 60 талапкер қабылданды
-
-
-
1944
-
Институтқа оқу ғимараты ретінде Гоголь көшесіндегі 119-үй, Лесная көшесіндегі 86-үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді
-
-
-
1944
-
Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз және төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды
-
-
-
1944
-
Алғашқы оқу жылында институттың Физика-математика факультетіне 24, Тіл және әдебиет факультетіне 23 (қосымша резервке: 10 қыз), Тарих факультетіне 28 (қосымша резервте: 10 қыз), барлығы 75 студент, ал дайындық бөліміне 25 қыз қабылданды.
-
-
-
1944
-
Алғашқы сабақ 1944 жылғы қараша айында басталды
-
-
-
1944
-
1944 жылы институттың үш факультетінде қызмет еткен ең алғашқы 20 оқытушының бесеуі ғылым кандидаты, сегізі аға оқытушы, жетеуі оқытушы болды
-
-
-
1945
-
Институттың бастапқы жылдарында Физика-математика факультетіне М. Жылқыбаев, Тіл және әдебиет факультетіне С. Барманқұлов, Тарих факультетіне А. Жаманқұлова басшылық жасады
-
-
-
1945
-
Тұрсын Мырзабекова институт ректоры болып тағайындалды
-
-
-
1946
-
1946-1947 оқу жылында студенттер санының ұлғаюына орай институтқа қосымша оқу ғимараты берілді
-
-
-
1946
-
Әр факультеттің практикалық-зертханалық өз кабинеттері болып, физикалық кабинет қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді
-
-
-
1946
-
Институтта дене тәрбиесі, ән-би сабақтары енгізілді
-
-
-
1946
-
Тұңғыш Ғылыми кеңес құрылды
-
-
-
1946
-
Кафедралар саны 13-ке жетті
-
-
-
1947
-
1947 жылғы ақпан айында институтта тұңғыш рет ғылыми-теориялық конференция өтіп, оған барлығы 60-қа жуық адам қатысты
-
-
-
1948
-
Институтта үйірмелер ашылды. 1948 жылы институтта 9 үйірме жұмыс істеді
-
-
-
1948
-
Институт кітапханасы ұйымдастырылды. Кітапхананың алғашқы жылының өзінде кітап қоры 1500 данаға жетті
-
-
-
1948
-
1948-1949 оқу жылында институттағы кафедралар саны 11-ге жетіп, студенттер саны 600-ден асты
-
-
-
1948
-
Студенттер Гоголь көшесіндегі оқу ғимараттары мен № 39 орта мектептің бір бөлігіндегі барлық кабинеттер мен зертханаларда екі ауысыммен оқыды. Кабинеттер қажетті оқу және көрнекі құралдарымен мүмкіндігінше қамтамасыз етілді
-
-
-
1949
-
1949-1950 оқу жылында студенттер контингентінің азаюына байланысты жан-жақты кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
-
-
-
1949
-
Институтта дене тәрбиесі кафедрасы жеке кафедра болып құрылып, оның алғашқы меңгерушісі М. Рахымқұлов болды
-
-
-