Физика, математика және цифрлық технологиялар институты
ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ
Жалпы ақпарат
Тарих
Қосымша

Қыздар университеті шынымен де ерекше университет. Мұнда кәсіби дамумен сан алуан жақсылыққа бастайтын жарқын өмір бар. Қыздар университеті мүмкіндіктер мен армандардың орындалар әлемі!

Біздің жоғары мектебімізді таңдағандардың барлығы көшбасшылық амбициясы, өзіндік мақсаты, жоспарын толық жүзеге асыруға талпынатын айбынды, дарынды, ұлтын сүйетін жалынды жастар. Арман жолындағы үздіксіз ізденіс пен адал еңбекте жаныңызға жақын оқу орнын тапқаныңызға аса қуаныштымын.

Физика, Математика және Цифрлық Технологиялар Жоғары Мектебі – университеттің алғаш құрылған факультеттерінің бірі ретінде мыңдаған мамандарды ұшырған білім беру саласындағы көшбасшы, еліміздің мектеп мұғалімдерін даярлаудың флагманы.

Заманауи мектеп – бұл табыс, денсаулық мектебі, мұғалімнің және оқушының педагогикалық процестегі шығармашылық шеберханасы, онда оқушы «Күн», бәрі оның айналасында айналып, әр оқушы өзінше дарынды, жеке тұлға.Мұғалімдер осындай таланттарға жол ашып, олардың жоғары оқу орындарына түсуіне, мамандық таңдауына көмектесіп, жеткен әрбір жетістігін мақтан тұтады. Заманауи мұғалім, ең алдымен сүйіспеншілікке толы, бақытты болуы тиіс. Бақытты мұғалімнің оқушылары да бақытты. Міне осындай қасиеттер біздің жоғары мектеп түлектерінің, болашақ мұғалімдердің бойына сіңіріліп, олардың өмірлік кредосына айналады.

Жоғары мектебіміздің профессор оқытушылары әрқашан ізденіс үстінде, шығармашылық, инновацияға бағдарлай отырып, физика, математика, информатика пәні мұғалімдерін, ақпараттық технологияларды меңгерген сапалы мамандардыд аярлайды. Жоғары мектебімізде көптілді білім беру жолға қойылған, білім алушыларымыздың Ұлыбритания, Түркия, АҚШ, Ресей Федерациясы ЖОО академиялық ұтқырлықтан өтіп, қос дипломдық білім алуына мүмкіндіктері бар.

Біздің жоғары мектебімізде студенттік өзін-өзі басқару – студенттік декан мен студенттік кеңестің төрағасы студенттермен үздіксіз жұмыс жүргізеді. Инстаграм, Фейсбук және т.б. әлеуметтік желілерде білім алушыларымыз университет қабырғасындағы қызыққа толы өмірін көрсетіп, өздерінің идеяларын көпшілікке жеткізіп келеді.

Білім – біздің болашағымыз! Бізді таңдау арқылы Сіз өз өміріңізде маңызды жеңіске жеттіңіз, ал сіздің алдыңызда әлі қаншама жарқын белестер бар. Сіз нағыз ұлы тұлға ретінде Қыздар университетінің даңқын шығару мен дәстүрін жалғастыруға өз үлесіңізді қосасыз!

Сонымен, Құрметті білім алушылар, алға ұмтылыңыз және барлық табыс, жетістіктер мен жақсылықтар әлі алда екенін ұмытпаңыз, өзіңізге сеніңіз! Алға!

Салгарева Гульназ Ибрагимовна

Физика, математика және цифрлық технологиялар институты деканы

Байланыстар

+7 727 237 00 14

Салгараева Гульназ Ибрагимовна

Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің деканы

Айдарбекова Акмарал Абылаевна

Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, физика магистрі, аға оқытушы

Омарбаева Бибіғазиза Құрбанбекқызы

Оқу және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы