Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті физика мұғалімін дайындау.
Бағдары:
Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
Миссиясы:
Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
Бағдарламалық мақсаты:
Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.
Құндылықтары:
Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.
|
Білім беру бағдарламасының түрі |
ағымдағы |
|
Білім беру бағдарламасының атауы |
6В01504-Физика |
|
Білім беру саласы |
6B01 Педагогикалық ғылымдар |
|
Даярлау бағыты |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
|
Білім беру бағдарламасының тобы |
6В010 - Физика пәні мұғалімдерін даярлау |
- Батыс Халықаралық Колледж (Ұлыбритания)
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті;
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.