-
> Ішкі қаржыландыру жобалары
Басқарма отырысының 2023 жылдың 26 сəуірінде бекітілген «Ғылыми, ғылыми-техникалық жəне қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсы туралы» ережесі негізінде Ғылыми, ғылыми- техникалық жəне қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары анықталды. Жобаға 17 өтінім беріліп, конкурс нəтижесінде 10 жобаны қаржыландыру шешімі қабылданды.
-
-
-
Гранттық қаржыландыру
-
-
-
-
Гранттық қаржыландыру
-
-
-
-
Гранттық қаржыландыру
-
-
-
-
Гранттық қаржыландыру
-
-
-
-
Гранттық қаржыландыру
-
-
-
-
Гранттық қаржыландыру
-
-
-
-
Development-грант
-
-
-
-
Эмпирикалық зерттеулерді қаржыландыру (Lesson Study, Action Research)
-
-
-
-
PostDoc қаржыландыруы
-
-
-
-
PostDoc қаржыландыруы
-
> Іске асырылып жатқан жобалар-
2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары
-
2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары
-
2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары
•AP23490817 - «Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалытастырудың құралы ретінде»•AP23489008 - «Қазақстанда «Педагог» жаңа кәсіби стандартының іске асырылуын зерттеу мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін оның мазмұнын нақтылау»•AP23483545 - «Мектеп оқушыларының психо-физиологиялық денсаулығы мен үлгерім деңгейіне әкімшілік уақыт пен әлеуметтік фактор әсерін салыстырмалы түрде зерттеу»
> Аяқталған жобалар-
Тема: Отражение движения алаш в национальной литературе и личность интеллигенции
Аннотация
Всем известно, что художественное произведение является документом эпохи. Ни алашское движение в казахской истории, ни деятельность национальной интеллигенции, активно участвовавшей в решении проблем страны, не нашли отражение в литературе начала ХХ века. Правда, творчество алашординских поэтов и писателей изучалось с разных ракурсов, и до сих пор изучается. Однако до настоящего времени в казахской литературоведении не было исследований, специально затронувших отражение Алашского движения в национальной литературе.
С учетом таких актуальных проблем в литературоведении, в настоящем проекте мы намерены затронуть две большие проблемы и работать в этом направлении. Первое – это доказать, что алашское движение, занимающее большое место в казахской истории, нашло отражение в художественных произведениях начала ХХ века, второе - пропаганда в отечественных и зарубежных изданиях личности деятелей Алаша, отдавших свою жизнь за судьбу нации.
В системной дифференциации литературного наследия Алашского движения и роли духовных ценностей в воспитании молодежи в произведениях, характеризующих судьбу национальной интеллигенции в современной казахской литературе, опираемся и на теоретические положения и исследовательские методики современного литературоведения. Кроме того, при детальном изучении наследия деятелей Алаша предполагается рассмотреть музейные, архивные материалы, которые находятся в городе, где проживали, получали образование и осуществляли деятельность. Планируемые задачи и мероприятия по реализации имеют большое значение не только в литературной, исторической и культурной сфере казахского общества, но и в системе образования.
Что касается ожидаемых результатов проекта, то планируется публикация статей в зарубежных рецензируемых научных журналах, в том числе в рецензируемом научном издании на базе Scopus с процентилем 35 по CiteScore и отечественном научном издании, рекомендованном ККСОН. В рамках проекта запланирована научная монография, которая будет издана в отечественной типографии. Будет разработан электронный учебник, в котором будет представлено наследие алашской интеллигенции, которым смогут воспользоваться как учителя школ, так и обучающиеся педагогических вузов.
Цели проекта: При определении проявления движения "Алаш" в литературе начала XX века необходимо проанализировать литературное наследие поэтов и писателей "Алаш", выявить ключевые моменты в их произведениях, а также систематически изучать художественный образ национальной интеллигенции в современной казахской литературе в сравнении с ее исторической фигурой.
Задачи проекта:
Перед казахским литературоведением стоит задача определения проявления движения Алаш в литературе начала ХХ века и разработки методологических принципов представления личности интеллектуалов во всех аспектах. Это позволяет широко использовать новейшие методы исследования при сравнительном анализе литературных произведений с историей. В соответствии с целями проекта установлен следующий перечень задач: – Систематический отбор произведений из литературы начала XX века, их разделение на этапы и сбор материалов, описывающих проявление движения Алаш; – Научно определить основу произведений алашских поэтов и писателей для формирования идеи освобождения в начале XX века; – Раскрыть место движения “Алаш” в истории нации на основе стихотворений и статей, опубликованных в Республиканской прессе “Айкап”, “Казах”, "Алаш" и др.; – Анализ представлений о судьбе нации в произведениях А. Байтурсынулы, М.Дулатова, С. Торайгырова, М. Жумабаева и др.; – Девиз "Алаш", определивший место движения "Алаш" в истории нации, изучение исторической личности национальной интеллигенции в дифференциации основных идеалов литературы; – Сравнение идеи освобождения в национальной литературе с литературой другого народа, оценка важности и совместимости и ее популяризация в зарубежных научных публикациях; – Системный анализ места духовных ценностей в воспитании молодежи в произведениях, описывающих судьбу национальной интеллигенции в современной казахской литературе. Каждая из этих задач, выполняемых при достижении цели проекта, имеет свой собственный вес. При определении характера движения "Алаш" по литературе начала XX века необходимо систематически анализировать наследие национальной интеллигенции и отдельно рассматривать секреты ее притч. По сравнению с историческими данными той эпохи, мы не сомневаемся, что исследование принесет большие достижения в соответствии с ожидаемыми результатами.
-
Жоба тақырыбы: Көміртекті қосылыстардың жаңа кристалл химиясын іздеу: X-C-O (X=Be, Mg, Ca) үштік жүйелерін алғашқы қағидаттардан зерттеу
Аннотация
Бүгінгі таңда Be-C-O, Mg-C-O және Ca-C-O қосылыстарының нанокристалды қосылыстарының орнықты жаңа түрлерін синтездеу бойынша жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеулер саны өте аз, мұндағы X – сілтілі немесе сілтілі жер элементі. Осы жобада біз 0–ден 50 ГПа–ға дейінгі қысымдардың кең интервалында X-C-O (X = Be, Mg, Ca) құрамдарының үшбұрыштарында жүйелі теориялық іздеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған тотыққан формалардан басқа, карбидтер де композициялардың осы үшбұрышына енеді – абразивтер ретінде, атап айтқанда Қазақстан Республикасының мұнай кен орындарын пайдалану кезінде қолданылатын бағаналы бұрғыларды өндіру үшін әлеуеті бар материалдар. Бастапқы реагенттердің (Ca, Mg карбонаттары мен оксидтері) қолжетімділігі мен төмен бағасына байланысты құрамдар үшбұрышындағы ашық тотыққан нысандар құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында пайдаланылуы мүмкін. Жүргізілген есептеулер жаңа қосылыстардың мақсатты синтезделуіне, олардың қасиеттері мен халық шаруашылығында қолдану перспективаларын зерттеуге негіз болады.
Жобаның мақсаты: 0-50 ГПа қысым диапазонында Be-C-O, Mg-C-O және Ca-C-O жүйелеріндегі тұрақты қосылыстар мен кристалды құрылымдарды іздеу және жасау мен олардың физикалық қасиеттерін бағалау болып табылады.
Жобаның міндеттері:
- 0-50 кПа қысым интервалында Be-C-O, Mg-C-O and Ca-C-O жүйелеріндегі тұрақты құрамдарды жүйелі іздеуді орындау;
- болжанған қосылыстарға егжей-тегжейлі құрылымдық талдау жүргізу, атап айтқанда құрылымдық аналогтарды іздеу;
- фонондық спектрлерді есептеу арқылы болжамды құрылымдардың динамикалық тұрақтылығын бағалау;
- анықталған фазалар тұрақты болатын қысым мен температура аралықтарын анықтау және олардың синтезінің оңтайлы жағдайларын бағалау;
Күтілетін нәтиже:
- Төмен қысым диапазонындағы модификацияланған Be-C-O, Mg-C-O и Ca-C-O қосылыстарының псевдобинарлы қималы нанокластерлер;
- Be-C-O, Mg-C-O және Ca-C-O жүйелерінің әртүрлі модификацияларының пайда болуының негізгі факторлары ретінде құрылымдық өзгерістер аймағын (жоғары энергия, кернеулер және жергілікті деформациялар аймағы) салыстырумен потенциал функциясының эволюциялық алгоритмдері арқылы бағалау;
- Сапалық және сандық дәл тәсілдерді қолдана отырып, спектрлік функцияны анықтау әдісі;
- Квазигармониялық жуықтау аясында тор динамикасын қолданумен фазалық диаграммалар;
- Серпімді тұрақты және фазалық ауысулардың қысымын бағалау және қысым әсерінен құрылымдық параметрлердің өзгеруін талдау.
- Web of Science базасындағы импакт - фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 50 (елу) процентилден кем емес кемінде 3 (үш) мақала немесе шолу жарияланатын болады;
- КОКСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
- немесе Web of Science базасындағы импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 65 (алпыс бес) процентилден кем емес рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланатын болады;
- Web of Science базасындағы 1 (бірінші) квартильге немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 95 (тоқсан бес) процентилден кем емес рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланатын болады.
-
Жоба тақырыбы: Толықтырылған және виртуалды шынайылық (AR/VR) технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу
Аннотация
Жаһандану мен экономиканы цифрландырудың жоғары қарқыны, Индустрия 4.0 дамуы адам өмірінің барлық салаларында, оның ішінде білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды дамытуға және кеңінен қолдануға ықпал етеді. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, білім беру кеңістігін де, оқытудың технологиялық процестерін де жобалауға бағытталған 3D модельдеу өз кезегінде білім беруді цифрландырудың негізін құрайды. 3D модельдеудің әртүрлі аспектілерін зерделеу білім алушылардың цифрлық технологиялар, заманауи ғылым және техника туралы түсініктерін едәуір кеңейтеді, зерттелетін пәндерде цифрлық технологияларды қолданудың оң тәжірибесін қамтамасыз етеді. Цифрлық технологиялардың интеграциялануын жүзеге асыру терең пәнаралық байланыстарды қажет ететіндіктен, пәнаралық байланыстарды дамыту мазмұнды міндеттер түрінде ақпараттық база құруға мүмкіндік береді, оларды шешу цифрлық технологияларды игеруді ынталандырады, шығармашылық іс-әрекет дағдыларын игеруге жағдай жасайды.
Алайда, білім беруде цифрлық технологияларды қолдану саласындағы алдындағы зерттеулердің статистикалық талдауы біздің елімізде білім беру жүйесі мен білім беру мазмұнына бейімделген осы бағыттағы әзірлемелердің аздығын көрсетеді. Бұл технологиялар жеткілікті зерттелмеген және бірқатар себептерге байланысты елдің оқу орындарында аз қолданылады деп болжауға болады:
AR өндірісінің өзі кешенді міндет болып табылады және мұғалімдер мен зерттеушілерді құру қиынға соғады, мұғалімдер 3D модельдерін әзірлеуге дайын құралдарды жетік білмейді, AR объектілерін алдын-ала модельдеу бойынша дайын шешімдер жоқ және т. б. Бір жағынан білім беруде AR-технологияларды қолданудың тиімділігі мен қажеттілігі және AR-технологияларды іске асыру үшін 3D-объектілерді модельдеу мәселелерінде педагогтердің құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, екінші жағынан Қазақстандық білім беруде AR-технологияларды 3D модельдеу және пайдалану бойынша дайын шешімдердің болмауы осы салада зерттеулер жүргізу үшін объективті алғышарт туғызады.
Мәселенің шешімін біз информатика мұғалімдерінде цифрлық технологияларды, атап айтқанда AR/VR қолдану негізінде 3D-модельдеу дағдыларын дамыту бойынша білім беру порталын құрудан көреміз. Білім беру порталы 3D модельдеуді оқыту және AR / VR қолдану бойынша еркін қолжетімді ресурс болады.
Жобаның мақсаты: Толықтырылған және виртуалды шынайылық (AR/VR) технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу
Жобаның міндеттері:
- AR/VR негізінде 3D модельдеуді оқытудың қолданыстағы әдістері мен құралдарын сыни талдау негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуді оқытуды модернизациялаудың теориялық негіздемесі;
- 3D модельдеуді оқыту ортасының ерекшеліктерін, болашақ информатика мұғалімдерін дайындаудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
- AR/VR технологиялар негізінде 3D модельдеуді оқытудың ғылыми негізделген әдістемесін әзірлеу;
- AR/VR технологиялар негізінде 3D модельдеуді оқытудың білім беру порталының құрылымы мен мазмұнын анықтау;
- AR/VR технологиялар негізінде 3D модельдеуді оқытудың білім беру порталының архитектурасы мен дизайнын әзірлеу;
- AR/VR технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу;
- Білім беру порталын пайдалана отырып үйрету және оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер:
- Web of Science деректер базасының Arts and Humanities Citation Index немесе Social Sciences Citation Index индекстелетін немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша кемінде 35 процентилі бар ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала жариялау;
- AR/VR негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу;
- білім беру порталының авторлық құқық туралы куәлігін алу;
- жоба жоспары бойынша білім беру порталы әзірленгеннен кейін білім беру порталын пайдалана отырып, 3D модельдеуді оқыту және оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады;
- алдыңғы қатарлы информатика және ақпараттық технологиялар бойынша халықаралық конференцияларға қатысу жоспарлануда (ICAIT 2024) 2024 жылғы 27-29 қазан Лондан;
- ККСОН ұсынған отандық басылымдарда 2 жарияланым.
-
Тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші жаңа тиімді отандық препараттардың синтезі, құрылымы және биологиялық қасиеттері.
Аннотация: Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында көшбасшысы болуы және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту үшін: егіс алқаптарын ұлғайту; жаңа технологияларды енгізу есебінен өнімділіктің айтарлықтай өсуін қамтамасыз ету; мал шаруашылығының жем-шөп базасын құру үшін өзінің үлкен әлеуетін пайдалану керек. Осы мәселелерді шешу үшін дамыған елдерде ауылшаруашылық тәжірибесіне өсімдіктің өсуін реттегіштер (ӨӨР) белсенді түрде енгізілуде, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемде ӨӨР қолдану агроөнеркәсіптік кешендегі прогрессивті технологиялар санатына жатады. Осы жоба шеңберінде дәнді дақылдар үшін өсімді реттейтін заттар ретінде препараттарды жасау мақсатында алициклді, хош иісті қатарлардың дитиокарбаматтары мен амидофосфаттарының жаңа молекулалық құрылымдарын синтездеу және оларды химиялық модификациялау, зерттелетін қосылыстар қатарындағы құрылымдық ерекшеліктер мен реактивтілікті зерделеу, олардың биологиялық белсенділігін зерттеу, оларды ауыл шаруашылығы практикасында пайдалану ұсынымдарын алу жоспарланып отыр. Жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде органикалық химияның классикалық әдістері және жаңа биопрепараттардың дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына әсерін бағалау бойынша стандартты биологиялық процедураларды пайдаланылатын болады. Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары: ғылыми-зерттеу институттары, фермерлер, агрохолдингтер, шаруа қожалықтары.
Мақсаты: Жаңа синтетикалық амидофосфаттар мен дитиокарбонат туындыларының құрылымын, реактивтілігін және құрылымдық ерекшеліктерін белгілеу, өсімдіктердің өсуі мен дамуының потенциалды реттеушілері ретінде олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу саласында ұсақ органикалық синтездің теориясы мен тәжірибесін одан әрі дамыту.
Жобаның міндеттері: өсімді ынталандыратын әсердің жаңа буынының биопрепараттарының синтезін әзірлеу; физика-химиялық деректер негізінде синтезделген биопрепараттардың құрылымы мен қасиеттерін белгілеу; зертханалық және далалық жағдайларда биологиялық белсенділікке синтезделген биопрепараттарды сынау болып табылады.
Күтілетін нәтиже: Фенилацетилен негізіндегі жаңа дитиокарбаматтарды, сонымен қатар алициклды және ароматты қатардағы амидофосфаттар мен диамидофосфаттарды синтездеу әдістерінің оңтайлы шарттарын зерттеу; алынған мәліметтер негізінде жаңа синтезделген препараттардың құрылымы мен биологиялық белсенділігін анықтау.
-
Тақырыбы: Музыкалық-педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту және жаңарту жағдайында бәсекеге қабілетті музыка мұғалімдерін даярлау
Аннотация: Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың алдына қойылған Қазақстандық білім беруді жаңғырту міндеті бүгінгі таңда ерекше маңызға және өзектілікке ие болды. Бағдарламада атап өтілгендей, кәсіптік білім берудің және білім беру бағдарламаларының жаңа стандарттарын жаңарту және әзірлеу педагогикалық кәсіптің жоғары мәртебесін нақты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Баса назар аударатын жағдай, бүкіл білім беру жүйесіне әсер еткен оқыту технологияларын реформалау процестері қазіргі заманғы орта білім беретін мекемелер талап ететін құзыретті музыка мұғалімдерін даярлауға бағытталған музыкалық білім беру жүйесіне де әсер етті. Музыка мұғалімі керемет музыкант, сондай-ақ өскелең ұрпақты қоршаған әлемге моральдық-эстетикалық көзқараста тәрбиелеудегі маңыздылығын түсінетін мұғалім болуы керек.
Мақсаты: Музыкалық білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық басымдықтарға сәйкес отандық музыкалық білім беру жүйесін жаңғыртуды және жаңартуды, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығы жағдайында бәсекеге қабілетті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ететін оқытудың басым технологияларын, бағыттарын, мазмұнын, құралдары мен әдістерін зерттеу және ғылыми негіздеу.
Міндеттері:
- 6В01401-Музыкалық білім беру мамандығы бойынша педагог кадрларды даярлаудың заманауи мәселелерінің өзекті бағыттарын зерттеу және анықтау.
- Ғылыми жоба тақырыбы бойынша тиісті әдебиеттерді зерделеу және талдау.
- "Музыкалық білім беру" мамандығы бойынша болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.
- Дәлелденген педагогикалық жетістіктері бар, музыка сабақтарында педагогикалық процесті жетілдірудің, жаңғыртудың тиімді жолдарын табатын «Үздік музыка мұғалімдерінің» озық педагогикалық тәжірибесін айқындау, зерделеу және тарату.
Күтілетін нәтиже: Ұсынылған жоба Музыкалық білім беру, жоғары оқу орындарында, арнаулы орта оқу орындарында (колледж, училище) студенттерді тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен айналысатын барлық мамандар үшін ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады. Зерттеу ғылыми қызметкерлерге өз еңбектерінде ғылыми материал ретінде бәсекеге қабілетті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлау жүйесі мен мазмұнын пайдалануға мүмкіндік беретін негізделген нәтижелерді сипаттайды. Зерттеу процесінде өзінің тиімділігін растаған практикалық материалдар, әдістемелер мен оқыту технологиялары ұсынылатын болады.
-
Тақырыбы: «Есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беру үшін үйретуші мобильді қосымшалар әзірлеу»
Aннотация: Инклюзивті білім беру мекемелерінде есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту кезінде көптеген қиындықтар кездесетіні сөзсіз. Осы қиындықтармен жұмыс жасау кезінде педагогтар түрлі әдістемелер мен технологияларды пайдаланып сабақтарын тиімді өткізуге тырысады. Есту қабілеті бар балалармен бірге топтық сабақтар баланың коммуникативті қабілеттерін дамытуға және сөйлеу қорын байытуға бағытталады. Кейде берілген тапсырманың мағынасын бала түсінбеуі мүмкін, нәтижесінде тапсырманың орындалу қарқыны мен оның өнімділігі айтарлықтай төмендейді. Сондықтан нашар еститін оқушылар үшін оқулықтардағы үлкен көлемді мәтіндерді меңгеру айтарлықтай қиындық тудырады, өйткені естімейтін оқушылардың сөздік қоры олардың еститін сыныптастарының сөздік қорына сәйкес келмейді. Осы сәйкессіздікті болдырмау мақсатында қазіргі кезде инклюзивті білім беруде, әсіресе есту мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқытуда цифрлық технологиялар көбірек пайдаланылуда. Балалар ересек адамдарға қарағанда цифрлық технологияларды салыстырмалы түрде тез игереді. Сондықтан цифрлық технологияларды сабақ барысында және оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану олардың дамуына едәуір ықпалын тигізеді. Тәжірибемізден байқағанымыздай сабақта мультимедиялық презентациялар қолданылса, балалардың сабаққа деген қызығушылығы және танымдық қабілеттерінің деңгейі одан әрі артады. Сондықтан есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беруде түрлі анимациялық және көркемделген бейнелермен толықтырылған үйретуші мобильдік қосымшалардың пайдасы зор.
Мақсаты: Инклюзивті білім беру кезінде есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыратын және инклюзивті ортада қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға болатын үйретуші мобильді қосымшаларды әзірлеу.
Міндеттері:
- инклюзивті білім беру бағытын, оның ішінде есту қабілеті зақымдалған тұлғалар туралы зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың жұмыстарына талдау жасау және зерттеу;
- есту қабілеті зақымдалған, әсіресе есту мүмкіндігі толық шектелген балалардың танымдық даму қабілетін арттыруда қолданылатын цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
- есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған әдістемелермен танысып, инклюзивті білім беру ортасына арналған мобильдік қосымшалар жасау үшін, оның алгоритмін және моделін құрастыру;
- есту мүмкіндігі шектелген балаларға сабақ барысында берілген ақпаратты дұрыс меңгеруіне және қызығушылықтарын арттыруына арналған, сонымен қатар инклюзивті ортамен қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланатын мобильді қосымшалар жасау.
Күтілетін нәтижелер: Есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беруге арналған мобильді қосымшаны жасау үшін қолданыста жүрген арнайы білім беруге бағытталған компьютерлік программалар мен олардың қолжетімділігі зерттеледі
-
Тақырыбы: «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың (2017-2024 жж.) әдеби тіл нормасына сәйкестігін мониторингілеудің теориясы мен тәжірибесі
Аннотация: Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің, нарықтық қатынастың, шетелдермен экономикалық байланыстың қарқын алған кезінде лингвистер тілдің нормадан ауытқымауын қадағалау керек. Қоғамдағы өзгерістер халықтың ауызекі тіліне ғана емес, әдеби тілге де өзгеріс әкеліп жатқанда, әдеби тілдің нормасын сақтап қалу, тілдің түпнұсқалық принципін ұстанудың қажеттілігіне көз жеткізеді. Тілді мұра етіп алып қалатын – жас буын, өсіп келе жатқан ұрпақ. Олардың тілін дамытатын көркем шығармалардың орнын интернет пен теледидар алмастырғаны белгілі. Қазақстандық балалардың көпшілігі теледидардағы «Балапан» арнасын көреді. Сондықтан «Балапан» арнасы бағдарламаларының тілін зерттеу, тіл нормасын бұзатын морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі бұзылыстарды қалыптандыру, оны нормалауды қолға алу – өзекті мәселе.
Мақсаты: Қазақстанның түкпір-түкпіріне жүйелі түрде ақпарат тарататын, қазақтілді балаларға арналған «Балапан» арнасы зерттеу нысанына алынып, ондағы бағдарламалардың тілінің әдеби нормаға сәйкестігін айқындау, нормадан ауытқушылықтарды анықтау нәтижесінде балалар тіліне ыңғайландырылған әдеби тіл нормасын сақтаудың нұсқаулығын жасау, морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі тіл нормасын бұзатын құрылымдарды мониторингілеу және қалыптандыру көзделеді.
Жобаның міндеттері:
- «Балапан» телеарнасы бағдарламаларының мәтіндерін топтастыру, саралау, жүйелеу.
- Балапан телеарнасындағы бағдарламалар мәтіндерін әдеби тілдік нормаға сәйкестендірудің морфонологиялық деңгейін саралау;
- Балапан телеарнасындағы бағдарламалар мәтіндерін әдеби тілдік нормаға сәйкестендірудің лексика-семантикалық деңгейін саралау;
- Дайын сценарийлердегі дискурсішілік сөйлеу актілері арасындағы мазмұндық-мағыналық байланыстарды анықтау және әдеби-тілдік нормамен сәйкестендіру.
- Тәжірибе жүзінде тексерудің нәтижелерін қолданысқа енгізу.
Күтілетін нәтиже: «Балапан» арнасындағы бағдарламалар тілінің әдеби нормаға сәйкестігі айқындалады, нормадан ауытқушылықтар анықталып, нәтижесінде балалар тіліне ыңғайландырылған әдеби тіл нормасын сақтаудың нұсқаулығы жасалады. Тіл нормасын бұзатын морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі бұзылыстар қалыптандыру үшін зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жасалады.
-
Тема: Научная концепция гендерного образования в вузах Республики Казахстан: теоретико-методологические основы
Аннотация: Идея проекта основана на разработке научной концепции, исследуя междисциплинарный аспект содержания гендерного образования в современном Казахстане. Определение проявления языка и литературы, культурно-исторических явлений в содержании гендерного образования, определение политического, исторического, социального, экономического аспекта гендерного образования-связано с необходимостью развития теоретических и методологических основ образования социально-гуманитарного направления. Реализация проекта позволит усовершенствовать научную теорию образования в межпредметных связях, тем самым создать новую модель гендерного сознания и гендерных отношений в обществе, создать новую парадигму гендерных отношений. В ходе реализации проекта будет заложена научная основа еще одного нового направления в области гуманитарного образования в Казахстане.
Цель: Цель проекта-изучение содержания гендерных дисциплин в вузах Казахстана в междисциплинарном аспекте, дифференциация и систематизация взаимосвязей направлений в гуманитарной сфере. Разработать научную концепцию гендерного образования в Казахстане с сопоставлением теоретических подходов к гендерному образованию в мире, подготовить концепцию обучения, представить модуль гендерного образования (направления языка, истории, литературы, социологии, экономики).
ЗАДАЧИ
- проанализировать содержание государственных программ, направленных на гендерное образование в Республике Казахстан, определить основные принципы гендерного образования с целью выработки основ нового гуманитарного образования;
- научная экспертиза содержания межпредметных связей в образовательных документах Казахстана для изучения взаимодействия дисциплин в образовании;
- проведение хронологических исследований по ведению дисциплин в очагах образования с целью отражения истории возникновения гендерного образования в Казахстане;
- проведение SWOT-анализа, научно-методической экспертизы содержания учебных программ и силлабусов с целью выявления предметных связей в содержании гендерного образования;
Ожидаемые результаты:
- не менее 2 (двух) статей или обзоров в рецензируемом научном издании, имеющем 35 (тридцать пять) процентилей по Social Science Citation Index или Arts and Humanities Citation Index базы Web of Science и (или) CiteScore базы Scopus;
- не менее 6 (шести) статей или обзоров в рецензируемом зарубежном и (или) отечественном издании, рекомендованных ФГОС НОО;
- не менее 2 (двух) статей или статей в рецензируемых научных изданиях, индексируемых Science Citation Index Expanded и содержащих не менее 65 (шестидесяти пяти) процентилей по импакт-фактору 1 (первый) или (второй) квартиль по импакт-фактору в базе Web of Science и (или) Scopus по CiteScore в базе Scopus;
- не менее 2 (двух) статей и (или) обзоров в рецензируемых научных изданиях, индексируемых Arts and Humanities Citation Index в базе Web of Science;
- будет создано База данных о гендерных дисциплинах в вузах РК.
> Сатып алуБюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу комиссиясының отырыстары өтінімдер түскеніне қарай өткізіледі (құжаттар жұмыс күндері қабылданады).
Сұрақтарыңыз болса, Ғылым саласын басқару және дамыту бөлімінің гранттық өтінімдер бойынша аға менеджері Марина Керімбайқызы Әлібековаға хабарласуыңызға болады.
Телефон: +7 (727) 237 00 20; ішкі 40-20
Электрондық пошта: nauka@qyzpu.edu.kz
Хаттамалар:
-
МӘЗІР