Шетел азаматтары
-
Оқуға түсу
-
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының) қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ
Үміткер бола алады – ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға.
Қазақстандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін қандастар ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра алады: НАУРЫЗ, МАМЫР-МАУСЫМ, ТАМЫЗ айларында. Бұл ретте НАУРЫЗ және ТАМЫЗ айларындағы ҰБТ ақылы бөлімге түсу үшін, ал МАМЫР-МАУСЫМ айларындағы ҰБТ сертификатымен мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады.
ҰБТ-да тапсырады:
- оқу сауаттылығы - кемінде 3 балл;
- 1-бейіндік пән - кемінде 5 балл;
- 2-бейіндік пән - кемінде 5 балл.
Қандастар үшін шекті балл ЖОҚ!
АҚЫЛЫ БӨЛІМ- Кез келген шетел азаматы ақылы бөлімге тапсыру үшін Әңгіме - сұхбат арқылы оқуға қабылданады.
- Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға арналған
СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Бұл шетелдік азаматтарға Қазақстанда тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беретін бастама.
Стипендиялық бағдарламаға кім өтініш бере алады?
- Шетел азаматтары – ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар
- Шетел азаматтары
Стипендия қамтиды:
- тегін білім беру;
- ай сайынғы стипендия.
Оқуға қалай түсуге болады?
- www.enic-kazakhstan.edu.kz сайтындағы ақпаратпен танысу;
- www.studyin.kz қажетті құжаттарды ұсыну арқылы порталына тіркелу;
- ҚазҰлтҚызПУ-ды және өзіңізге керекті білім беру бағдарламасын таңдау;
- Бейімделу әлеуетін анықтауға арналған тестілеуден өту;
- Онлайн әңгімелесуден өту;
- Өзіңізді стипендиаттар тізімінен табу.
Құжаттарды онлайн тапсыру мерзімі: 30 наурыз - 31 мамыр
ШЕТ ЕЛ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды заңдастырылған паспорт көшірмесі);
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқасы, нотариалды заңдастырылған көшірмесі, нострификациядан өткендігі туралы куәлігі);
- 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
- ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
- оқу ақысын төлегендігін растайтын түбіртек.