"Startup-Tomiris" инновациялық жобалар конкурсы

    • «Стартап-Томирис» инновациялық жобалары

      «Ғылым айы – 2023» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім алушылары арасында ұйымдастырылған «Стартап-Томирис» инновациялық жобалары жүзеге асырылуда.

      Жобаның мақсаты – Университет білім алушыларының стартап бастамаларын қолдау және дамуын ынталандыру.

      Байқауға студенттерден барлығы 11 жоба ұсынылды. 3 студенттік жоба университет студенттерінің стартап бастамаларын дамытуды қолдау және ынталандыру мақсатында университет гранттарының жеңімпаздары атанды. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды: 1 орынға – 1 млн теңге, 2 орынға – 800 мың теңге, 3 орынға – 700 мың теңге.

      Қазіргі уақытта жоба топтары өз жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.

      I - орын, Wins – 1, Команда: LAO

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, информатика кафедрасының 2 – 3 курс студенттерінен құралған.

      Жобаның мақсаты: тұтынушыларда эко-достық сана сезімді дамыту, сондай-ақ қоқысты сұрыптау арқылы қоршаған ортаны қорғау және оны қоқыс өңдеуші компаниялардың көмегімен одан әрі қайта өңдеу.

      Сұрыптау процесінің дәлдігі мен тиімділігін, сондай-ақ ресурстарды қайта өңдеуді оңтайландыруды қамтамасыз ететін сенсорлар мен жасанды интеллектті пайдалануды қоса алғанда, қоқысты автоматтандырылған сұрыптау үшін озық технологияларды әзірлеу және қолдану болып табылады.

      https://qyzpu.edu.kz/kz/a/news/1873-studentki-qyzpu-pridumali-novij-vid-musornogo-kontejnera

      II - орын, Қыздар университеті компусының аймағына экологиялық  мониториг жүргізу , Команда: Ecochem Solutions

      Жаратылыстану факультеті, химия кафедрасының 2 – 3 курс студенттерінен құралған. Жоба негізінде сатып алынған анализатор көмегімен зерттеулер жүргізе отырып, жүзеге асырып отыр.

      Жобаның мақсаты: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аймағының ауасы, топырағы және жауын – шашыннан кейінгі суының құрамына физика-химиялық талдаулар. Жоба нәтижесінде мәселелерді анықтап, университет әкімшілігіне шешімдер ұсыну. Алдағы уақытта экологияның өзгерісіне болжамдар жасай алу мүмкіндігі пайда болады.

      III – орын, Modern design, Команда: Tassel

      Әлеуметттік гуманитарлық ғылымдар және өнер истуты, визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау мамандығының 4 курс студентінен құралған.

      Жоба мақсаты: жалпы қабырға стендтерін, қабырға суреттеріне ауыстыру, әр мекеменің өзіңдік тарихын қабырға суреттері  арқылы жеткізу.