Топ-менеджмент
-
Біз туралы
-
-
-
-
- Еркін Шажаұлы Дүсіпов
-
Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор
Жеке қабылдау: бейсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
Кабинет: Бас оқу ғимараты, 1 қабат, №105 кабинет
Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 237-00-11 ішкі: 41-48
Email: dusipov.e@quzpu.edu.kz
Еркін Шажаұлы ДүсіповЕркін Шажаұлы Дүсіпов – Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы.
БІЛІМІ:
- Құқықтану: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Заң факультеті
- Экономика: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Экономика факультеті:
Еңбек жолы:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Азаматтық құқық кафедрасының ассистенті ретінде бастады.
- 1992-1995 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегіорынбасары.
- 1993-2002 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы.
- 2002-2003 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі.
- 2003-2008 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетінің деканы.
- 2008-2016 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жалпы, экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор.
- 2008-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректоры.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры.
ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:
- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік тілдегі салалық ғылыми терминдердің авторлық ұжымының мүшесі (2002-2006);
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша қазақ-орыс салалық терминологиялық сөздігінің авторлық ұжымының мүшесі (2012- 2014);
- «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары (2009-2016);
- ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау бойынша Талдықорған қаласының №7 сайлау округінің төрағасы (2009-2016);
- Адвокаттар мен нотариустар лауазымына орналасуға үміткерлерді іріктеу бойынша Алматы облысы Әділет департаменті жанындағы аттестаттау комиссиясының мүшесі (2009-2016);
- Қырғызстан Республикасы Ош мемлекеттік университетінің докторлық және кандидаттық диссертацияны қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңесінің мүшесі (2016).
ҒЫЛЫМИ АТАҚТАРЫ, ДӘРЕЖЕЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ:
- Заң ғылымдарының кандидаты, тақырыбы: «Жерге жеке меншік құқығының негіздері» (2002);
- Доцент (2007);
- Заң ғылымдарының докторы, тақырыбы: «Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» (2009);
- Профессор (2011).
-
-
-
-
-
Аппарат басшысы
Жеке қабылдау: бейсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін
Кабинет: Бас оқу корпусы, 116-кабинет
Қабылдау бөлімі: +7 (727) 237-00-06, ішкі: 40-16
Электрондық пошта: shintayev.n@qyzpu.edu.kz
Білімі:
2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдады.
2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, Executive Master of Business Administration дәрежесін алды.Марапаттары мен құрметті атақтары:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Еңбек жолы:
- 2006–2009 жж. – «Казкоммерцбанк» АҚ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды.
- 2009–2017 жж. – «Еуразиялық банк» АҚ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды.
- 2018–2021 жж. – «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Экономика және қаржы департаментінің директоры.
- 2021 ж. – «Алатау Ақпарат» ЖШС Алматы қаласындағы Бас директордың орынбасары.
- 2023 жылдан бері – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ Аппарат басшысы.
-
-
-
-
- Картбаев Тимур Саатдинович
-
Цифрлық офицер
Жеке қабылдау: бейсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін
Кабинет: Бас оқу ғимараты, №110 кабинет
Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 237-00-06, ішкі: 42-00
Email: kartbayev.t@qyzpu.edu.kz
Картбаев Тимур СаатдиновичPhD, қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ), академиялық профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің түлегі, Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы стипендия лауреаты, Қазақстан Республикасының «ЖОО үздік оқытушысы – 2018» атағы, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісі, «Электр энергетика саласына қосқан үлесі үшін» медалі, РФ РЖА «Ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер» атағы мен медалі, «Информатика саласындағы табысты кәсіби қызметі үшін» (Бельгия) сапа дипломы мен төсбелгісінің иегері, сонымен қатар өз еңбектері үшін ЖОО-ның құрметті грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.
Т.С. Картбаев докторантураның толық курсын мерзімінен бұрын аяқтап, Mokhtar Kirane (Франция), Б.С. Ахметов (Қазақстан), А.Ю. Малыгин (Ресей) сияқты атақты профессорлардың жетекшілігінде философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын сәтті қорғаған.
Әр жылдары "NAOMIS-SERVICE.kz" ЖШС инженер-бағдарламашы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің кафедра инженері, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доценті, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының орынбасары, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің бағдарламалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі директордың орынбасары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы, Алматы энергетика және байланыс университетінің "IT-инжиниринг" кафедрасының меңгерушісі, басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Ақпараттық технологиялар институтының директоры, Логистика және көлік академиясының бірінші проректоры лауазымдарында жұмыс атқарды.
Португалия, Франция, Польша, Тайланд, БАЭ, Ресей, Қырғызстан сияқты шетелдерде тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Т.С. Картбаев Бельгияның Брюссель қаласында өткен IBM компаниясының «Best student recognition event – 2012»-тің Қазақстан атынан алғашқы қатысушысы болып, ал 2013 жылы Францияның Монполье қаласында өткен «Best student recognition event 2013» IBM сарапшылары тарапынан шақырылған.
2015-2017 жылдар аралығында ҚР БжҒМ БҒСБК «Математика және информатика» секциясы бойынша сараптау кеңесінің мүшесі, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылау бойынша сараптау кеңесінің мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Логистика және көлік академиясының диссертациялық кеңестерінің мүшесі.
Жарияланған ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жалпы саны 120-дан астам, оның 15-нан астамы - Scopus, Elsevier, Web of Science библиографиялық дерекқорларында, 1-оқулық, 3-оқу құралы, 3-монография. Сондай-ақ, ҚР ӘМ авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы көптеген куәліктері бар. Scopusбазасы бойынша Хирш индексі – 3, Web of Science базасы бойынша – 3.
БІЛІМІ:
- Информатика бакалавры (үздік диплом), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
- 6N0704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша магистр, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
- 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша PhD (мерзімінен бұрын), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.
ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ:
– 2018-2020ж. – AP05132723 «Ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі саласындағы бейімделген сараптамалық жүйелерді әзірлеу» жобасының жетекші ғылыми қызметкері;
– 2013-2015ж. –«Медициналық мекеме үшін электрондық аурулардың биометриялық иесіздендіру жүйесінің ON-LINE қолданыстағы зертханалық үлгісін іске асыру нұсқаларын зерттеу және әзірлеу» №753.БҒМ.МФ.13.13. тақырыбының аға ғылыми қызметкері;
– 2015ж. «Ақпараттық қауіпсіздікті биометриялық қолдау бойынша стандарттар тобын зерттеу, үйлестіру, модификациялау және есепке қою» 1022/ГФ4 тақырыбының аға ғылыми қызметкері.
– 2011-2013ж. – «Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыш камераларға энергия үнемдейтін приставкалардың сериялық өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру» тақырыбын орындаушы.
-
-