Миссия
-
-
2023-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
"ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ" КеАҚ
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Университеттің көзқарасы, миссиясы, бағдарламалық мақсаты, құндылықтары
УНИВЕРСИТЕТ КӨЗҚАРАСЫ
Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ
Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТЫ
Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.