Спорттық инфрақұрылым
-
Университеттегі өмір
-
Оқу үдерісін ұйымдастыру және студенттер мен қызметкерлердің салауатты өмір салтын сақтау үшін университет заманауи спорттық инфрақұрылымға ие:
- «Аққу» жүзу бассейні жалпы ауданы 633,5 ш. м. 32 орынға 4 жүзу жолы бар (ұзындығы 25 м.).
Университеттің жалпы алаңы 1125 шаршы метрді құрайтын оқу-спорттық кешені бар:
- Баскетбол және волейбол, футбол алаңдарымен жабдықталған үлкен ойын спорт залы, жалпы ауданы 549,5 ш. м.
- Швед қабырғасы мен тренажерлар, гимнастикалық орындықтар және жалпы ауданы 110,8 ш. м. бейне және аудио аппаратурамен жабдықталған гимнастикалық айна залы.
Дзюдоға арналған кілемдер (тата), тренажерлер, теннис үстелдері, гимнастикалық орындықтармен жабдықталған жалпы ауданы 328,3 ш.м. жекпе-жек залы. Сондай-ақ ЕДШ және массаж кабинеті жұмыс істейді.
Барлық спорт залдар киім шешетін орындармен (41,1 ш. м.) және душ кабиналарымен (26 ш. м.) жабдықталған.
Университет жанында «Ақбілек» спорт клубы жұмыс істейді. Оған спорт түрлері бойынша барлық құрама командалар мен спорттық секциялар кіреді. Университеттің құрама командалары спорт түрлері бойынша жыл сайын спорттық киім-кешекпен, ойын және спорттық құрал-жабдықтармен жаңартылады. Барлық жатақханалар жалпы алаңы 344 шаршы метр жаттығу залдарымен жабдықталған. Онда студенттер сабақтан бос уақытта спортпен шұғылдана алады.
Университет жыл сайын дене шынықтыру бойынша академиялық сабақтарды табысты өткізіп, жеңіл атлетика бойынша нормативтерді тапсыру үшін күзгі-көктемгі кезеңде жалпы ауданы 980 шаршы метр «Динамо» стадионын (2 жеңіл атлетикалық жүгіру жолы) жалға алады.
Спорт кешенінің ғимараты күзет пен техникалық қызметкерлердің қосалқы қызметтерімен жарақтандырылған және жалпыуниверситеттік коммуникациялық жүйеге қосылған, телефон мен факсимильді байланыс бар.