• Кафедра туралы

    Қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасының тарихы универсиет тарихымен тікелей сабақтас. 1944 жылы университет құрылуымен бірге  қалыптасқан алғашқы кафедралардың бірі. Университеттің 80 жылдық тарихында кафедра бірнеше рет атын өзгерткен. Алғашқы атауы коммунистік партия тарихы кафедрасы деп аталып, кейіннен ғылыми коммунизм кафедрасы болып өзгерген. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасы болып қайта құрылған. Кафедраға п.ғ.к., доцент А.И. Ысқақов, т.ғ.к., Тангаев С.Д., т.ғ.к., Мұсағалиев Т.М., т.ғ.к., ҰҒА академигі А.Н.Нысанбаев сияқты белгілі ғалымдар басшылық жасаған. Қазіргі уақытта «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының Бағдарлама көшбасшысы саяси ғ.д., доцент Иманбекова Бибігүл Илиясқызы. «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасындағы Білім беру бағдарламалары білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. 2023-2024 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының штат саны – 20 оқытушы, оның ішінде кафедра оқытушыларының ғылыми атақ-дәрежесінің үлесі – 50 % құрайды. Кафедрада 2 – ғылым докторлары,  8 – ғылым кандидаты, 8 – магистр аға оқытушы, 2 – магистр оқытушы қызмет атқарады. «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасында саяси ғ.д., доцент Б.И. Иманбекова, филос ғ.д., доцент Қ.Ж. Жамалов, әлеу.ғ.к., қауым. профессор м.а. А.А. Калиева, А.К. Есенгалиева, саяси.ғ.к., қауым. профессор м.а. У.А. Абуев, Ж.Г. Сарсенбаева, саяси.ғ.к., аға оқытушы М.К. Аксакалова, А.У. Исаев, Б.С. Жусипов, филос.ғ.к., аға оқытушы К.А. Бияздыкова, әлеу.ғ.магистрі, аға оқытушы Р.С. Саурбаева, С.Ж. Иманбаева, әлеуметтік жұмыс магистрі, аға оқытушы М.Ф. Ахмуллаева, Н.Т. Айекешов, гум.ғ.магистрі, аға оқытушы Қ.Т. Туғанбаев, К.Д. Раисов, Г.А. Абдуразакова, С.Қ. Қосдаулетова, әлеу.ғ.магистрі, оқытушы Н.С. Каражанов, А.Е. Амиров сынды мамандар қызмет етуде. Олар 6В03101 – Әлеуметтану, 6В11401-Әлеуметтік жұмыс, 7М03101 – Әлеуметтану білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттар талабына жауап бере алатын жоғары білікті мамандар даярлауда.

    Білім беру бағдарламалары:

    Бакалавр:

    • 6В03101 – Әлеуметтану
    • 6В11401 – Әлеуметтік жұмыс.

    6В03101 – Әлеуметтану ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздерін, аналитикалық, консалтингтік қызметтерді көрсетудегі дербестікті және қазіргі заманғы құралдарды пайдалана отырып, нарықтық сұраныс пен жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, әлеуметтанулық және маркетингтік зерттеулерді функционалды түрде жүргізуді үйренуге бағытталған.

    6В11401 – Әлеуметтік жұмыс инновациялық технологияларды меңгерген, әлеуметтік жұмыс саласында сапалы әлеуметтік-әкімшілік, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-оңалту қызметтерін көрсетуге қабілетті білікті маман даярлауға бағытталған.

    Магистратура:

    • 7М03101 – Әлеуметтану

    7M03101 – Әлеуметтану мемлекеттік білім стандарты негізінде әзірленді және қазақстандық деңгейде қазіргі еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін, аналитикалық, басқарушылық, сараптамалық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде дағдылары бар жоғары білікті кәсіби әлеуметтанушыларды даярлауды көздейді. Магистрлерді дайындау қажеттілігі жаһандану жағдайында әлеуметтану саласындағы мамандарға деген сұраныстан туындап отыр.

    Кафедрада «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандарын дайындайды. Соңғы жылдары қоғамдағы әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандарына қажеттіліктің артуына байланысты әлеуметтік қызметкерлерге де сұраныс өсті. 2019-2020 оқу жылынан бастап «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына республикалық білім грантының саны көбейді. Қоғамға сапалы қызмет көрсету саласында креативті мамандар дайындауда аталған мамандықтар белсенділік танытып келеді. Мамандықтың негізгі мақсаты – заман талабына сай кәсіби шеберлігі жоғары, бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау. Осы екі мамандық бойынша да білім беру бағдарламалары жаңартылып, әлемдегі озық университеттердің білім беру бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалынған. «Бакалавр» академиялық дәрежесін алып, бюджеттік салаларда, әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік медициналық, оқу-зерттеу, ақпараттық-коммуникативтік қызметтер саласында еңбек ете алады. https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/310037-basty-mindet-sauatty-da-bilikti-pedagog-dayarlau

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылардың тәжірибе алмасуы:

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылардың тәжірибе алмасуы мақсатында Өзбекстан Республикасының Мирзо Улугбек атындағы Ұлттық университетіне қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Калиева Алия Айбулатовна 2024 жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында академиялық ұтқырлық аясында 2-4 курс студенттеріне құнды, танымдық дәрістер оқып, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.  Академиялық ұтқырлық бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің доценті,  PhD доктор Феруза Ахмедова 2024 жылдың 22 қаңтары мен 05 ақпаны аралығында тәжірибе алмасуы мақсатында келіп, Әлеуметтану және Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына Әлеуметтік институттар мен процестер, Әлеуметтанудың әдіснамасы мен әдістері, Отбасы және тұлға әлеуметтануы, Қазіргі көші қон мәселесі атты пәндерден өте жақсы дәріс оқыды және екі елдегі әлеуметтік үрдістерге салыстырмалы талдау, контент талдау жасау арқылы дәріс мәтінін түсінікті ғылыми терминологиялық сөздіктерді анықтамалық әдебиеттерді пайдалана отырып қызықты әрі құнды дәрістер оқыды.

    Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары:

    Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты – Қазіргі кезеңдегі Жаңа Қазақстанның  либералдық демократиялық дамуындағы саяси әлеуметтік мәселелердің жүзеге асырылуы. Әлеуметтік мемлекет құру және оның саяси әлеуметтік мәдени қырларын зерттеу Мемлекеттің жүргізіп отырған саясытындағы жаңашылдықты  зерттеу мақсатында «Ашық қоғам және оның әлеуметтік-саяси негіздері» деп бекітілді. Кафедраның профессор-оқытушылары жыл сайын халқаралық Scopus, Web of Science және Thomson Reuters базасына кіретін журналдарға, білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналдарға, халықаралық және республикалық конференция жинақтарына және шетелдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдарға ғылыми зерттеу бағыттары бойынша мақалалар шығарып келеді. Ал ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша кафедраның профессор-оқытушылары өздері жүргізіп келе жатқан арнайы және бейіндік пәндер бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтарын даярлауда.

    Кафедра оқытушылары халықаралық жəне республикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруда.  Оқу орнында теориялық білімнің практикамен ұштасуына ерекше мән берілген. Университеттің халықаралық жобаларға қатысып, шетелдік ғалымдармен өзара тәжірибе алмасу бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл  білім ордасының білікті профессор-оқытушыларының бастамасымен сәтті орындалуда. Табысты жобалардың бірі  Eurasia Foundation (from Asia) қоры қаржыландыратын «Еуразиялық қауымдастық  жаһандық білім және көшбасшылық» атты халықаралық ғылыми жоба. Аталған жобаға Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасына қарасты Әлеуметтану және Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының студенттері үлкен қызығушылық танытып, белсене  қатысуда. Білім алушылар биыл екінші жыл қатарынан білімді жетілдіру   курсынан өтіп, өздеріне ұнаған тақырыптар бойынша тың жобалар қорғады. Жалпы алғанда, Қордың қолдауымен ұйымдастырылған іс-шаралар, дәрістер сериясы, ондағы мазмұнды деректер, тұжырымдар мен зерттеу нәтижелері студенттерге болашақта білім кеңістігінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы оқу курсынан өткен студенттер аталған Қордың негізінде Еуразия  мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтуге,  ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға жолдама алады. https://bilimdinews.kz/?p=251024

    Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасына қарасты  «6В03101 – Әлеуметтану» және «6В11401 – Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының студенттері жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.  «Президенттің жыл сайынға Қазақстан халқына Жолдауының» мәні мен мазмұнын және мемлекеттік идеологияның негізгі бағыттарын жас ұрпаққа түсіндіру–кафедраның оқу үрдісінің ажырамас құрамдас бір бөлігі. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы негізінде «Ашық қоғам құру және оның өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өткізілді. Оқу-әдістемелік семинар 2023-2024 оқу жылында кафедра профессор-оқытушысы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Калиева Алия Айбулатовна Coursera бойынша оқытылатын курсты құрастыру әдістемесі  негізінде «Требования и критерии по разработке курса (МООК) на платформе Coursera» атты курс өткізді.

    Миссиясы және Халықаралық байланыстар

    Білім беру бағдарламалары

    Қадрлық құрам

    Жүктеу...

    Байланыстар