Шет тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы
-
Кафедра туралы
«Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы «6В01705 – Шетел тілі: екі шет тілі» (1, 2, 3 жыл) және «6В02301 – Аударма ісі» (1-4) білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат студенттерін дайындайды.
Кафедраның мақсаты мен міндеттері: шет тілдерін оқыту және аударма саласында жоғары кәсіби білім мен дағдыларға ие, шет тілді құзыреттілігі қалыптасқан, көптілді және көпмәдениетті ортада бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; профессор-оқытушы құрамының ғылыми қызметі мен әлеуетін, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуды және халықаралық байланысты кеңейтуді қамтамасыз ету. Кафедра қызметі университеттің даму стратегиясының мәлімделген миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастырылып, іске асыруға бағытталған.
Кафедра құрамында 3 PhD докторы, 19 магистр қызмет атқарады. Кафедраның профессор-оқытушы құрамы шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық бағдарламалар негізінде ғылыми тағылымдамадан өтеді және халықаралық жобаларға белсенді қатысады.
Миссия мен стратегия
Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра оқытушылары оқу және ғылымға қатысты мәселелерді шығармашылық тұрғыда шеше отырып, өзара іскерлік ынтымақтастықпен жұмыс істейді
2020 жылдан бастап 11 сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп отырады. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен шет тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ болашақта мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сондай-ақ, «ЖОО Үздік оқытушысы-2020» республикалық байқауы жеңімпазының бірі – шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Садыкова Роза Каримовна.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ұсынған «Көне түркілердің дүниетанымындағы концептілер жүйесі» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру конкурсы талаптарына сәйкес деп табылып, 2021-2023 жылдар аралығында ғылымды дамытудың Білім беру және лингвистика саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 18-23 ақпан 2021ж. шешімімен (Хаттама №3) іске асырыла бастады.
Білім беру бағдарламалары
Қадрлық құрамЖүктеу...