Университеттің тұрақты дамуы
-
Университеттің тұрақты дамуы
Тұрақты даму - Қоршаған орта мен ресурстарды сақтай отырып, адамның ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаралар кешені, сонымен қатар болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне нұқсан келтірмеуді көздейді.
Тұрақты даму табиғи ресурстарды, биологиялық әртүрлілікті, сондай-ақ қоғамдағы тауарларды әділ бөлудің маңыздылығын мойындай отырып, экономикалық өсу, әлеуметтік даму және экологиялық факторлар арасындағы тепе-теңдіктің қажеттілігіне назар аударады.
Тұрақты даму мақсаттары - Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы қабылдаған, 2030 жылға қарай оның барлық аспектілерінде тұрақты даму принциптеріне қол жеткізуге бағытталған 17 жаһандық әлемдік мақсат.
БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсаты кедейлікті жою, аштықты жою, таза су мен санитарияға қол жеткізу, сапалы білім беру, гендерлік теңдік, климаттың өзгеруімене күресу, әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ету және т. б. сияқты көптеген басымдылықтарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі саммитінде БҰҰ – ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібі қазіргі ұрпаққа гүлденген болашақты құруға берілген жалғыз мүмкіндік екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент Қазақстан үшін ТДМ-ға қол жеткізу ұлттық басымдылық болып табылатынын және орнықты даму қағидаттары елдің ұлттық стратегиялары мен бағдарламаларының негізіне айналғанын атап өтті.
80 жыл бойы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзінің тұрақтылығы мен даму қабілетін сақтап келеді. Біздің ұзақ және терең тарихымыз тұрақты дамудың құндылықтары мен мақсаттарын сақтай отырып, өзгерістерге бейімделу қабілетімізді көрсетеді. Ондаған жылдар бойы Университет еліміздің "білім экономикасына" үлес қосқан 70 мыңнан астам педагогты тәрбиеледі және өз күш-жігерін болашақ өзгерістер көшбасшыларының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және жетілдіруге бағыттауды жалғастыруда.
Біздің Университет БҰҰ-ның Тұрақты даму бағдарламаларын қолдай отырып, жыл сайын әлеуметтік, экономикалық және экологиялық бастамалар арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін арттырады. Университет "мұғалімдердің ұстаханасы" болғандықтан және тек қыздарды қабылдауға/оқытуға толықтай назар аударатындықтан, ал олардың көбі өңірден, ауылдық жерлерден болғандықтан барлығына кедергісіз сапалы білім алуға қамтамасыз етуге, гендерлік және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға белсенді ықпал етуде және ықпал етеді.
Сонымен қатар, Университетте қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды жинауға және қайта өңдеуге, су мен электр энергиясын үнемдеуге, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға бағытталған қызметті жүзеге асыратын Эко-кампус стратегиясы әзірленді. Эко-кампус студенттерді Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарында, студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында экологиялық сана мен жауапкершілік саласындағы әлеуетті арттыру бойынша әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырады.