7М01401 — Музыкалық білім
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
"7М01401 – "Музыкалық білім" БББ бойынша кәсіби білім беру, ғылыми және шығармашылық қызметке қабілетті, терең педагогикалық, зерттеу, орындаушылық және басқару дағдыларын меңгерген магистрлерді дайындау.
Бағдары:
Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
Миссиясы:
Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
Бағдарламалық мақсаты:
Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.
Құндылықтары:
Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.
|
Білім беру бағдарламасының түрі |
ағымдағы |
|
Білім беру бағдарламасының атауы |
7М01401 - "Музыкалық білім" |
|
Білім беру саласы |
7М01 Педагогикалық ғылым |
|
Даярлау бағыты |
7М014 Жалпы дамудың пәндік мамандануымен мұғалімдерді даярлау |
|
Білім беру бағдарламасының тобы |
М006 -педагог-музыкантты дайындау |
Серіктес ЖОО.
- Халесдемир Нийде Университеті (Түркия)
- Чукуров университеті Адана қаласы (Түркия)
- В.А Босиков атындағы жоғары музыка институты (Якутия)
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған)