Университет коды: 025
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУ
Ақпарат
Бағдарлама паспорты
Құжаттар тізімі

Білім беру бағдарламасының мақсаты: "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының мақсаты әлемдік стандарттар деңгейінде дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт жаттықтырушыларын даярлау арқылы қоғамды сауықтыру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу болып табылады.

УНИВЕРСИТЕТ БАҒДАРЫ, МИССИЯСЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТЫ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ, ТҮЛЕК АТТРИБУТТАРЫ   

Бағдары: Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа. 

Миссиясы: Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.

Бағдарламалық мақсаты: Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.

Құндылықтары:  Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.

Білім беру бағдарламасының түрі

Инновациялық бағдарлама (IP)

Білім беру бағдарламасының атауы

6В01409 - Дене шынықтыру және спорт  (IP)

Білім беру саласы

6B01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыты

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған  мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламасының тобы

B005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша топ:

Жетекші университет:

Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Қатысушы университеттер:

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті