4S01140101 – «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Білім алушылардың тұлғалық, танымдық және әлеуметтік дамуының іргетасын қалыптастыру. Бағдарлама оқу, жазу, есептеу дағдыларын меңгерту арқылы негізгі құзыреттіліктерді дамытуды көздейді. Сонымен қатар, ол білім алушылардың когнитивтік қабілеттерін жетілдіріп, оқу іс-әрекетіне тұрақты мотивация қалыптастыруға бағытталады.
Бағдары: Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
Миссиясы: Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
Құндылықтары: Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.