КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ
-
«Күміс университет» - үшінші жастағы Университет - егде жастағы адамдардың қазіргі өмірге, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге сәтті бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасайтын халықаралық қозғалыс болып табылады.
Мақсаты: Университет білім берудің әдеттегі форматтарын кеңейту және аға буынның әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында қоғамды дамыту және трансформациялау стратегиясы шеңберінде құрылды.
Міндеттері:
- белсенді ұзақ өмір сүруді ұзарту;
- ұрпақтар сабақтастығы үшін жағдай жасау;
- аға буын азаматтарының өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру;
- байланыс ортасын қалыптастыру және дамыту;
- шығармашылықты жандандыру және өмірге деген оң көзқарасты сақтау;
- салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігінің деңгейін арттыру;
- зияткерлік әлеуетті дамыту, азаматтардың денсаулығын нығайту;
- зейнеткерлік жастағы адамдарды қолдау саласында тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КУРСТАРЫ
- Сабақтар кесте бойынша аптасына 2 рет өткізіледі;
- Бір сабақтың ұзақтығы - 45 минут;
- Бір оқу курсының ұзақтығы үш айдан аспайды;
- Тыңдаушылар тобы кемінде 5 адамды құрайды;
- Сабақтар топтық түрде өткізіледі;
- Сабақтарды өткізу формалары: дәрістер, семинарлар, экскурсиялар, тренингтер;
- Сабақ форматы күндізгі және қашықтықтан;
- «Күміс университетіндегі» оқу жылы - 1 қазаннан 1 мамырға дейін;
- Сабақ (курс) соңында сертификат беріледі.
«Күміс университетте» оқыту процесі жеке кестесі бойынша жүзеге асырылады;