• Кафедра туралы

    Педагогика кафедрасы 1944 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес Әйелдер педагогикалық институтының тарих факультеті базасында құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Ш. Көкімбаев болды. Әр жылдары кафедраны педагогика ғылымы мен білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар мен ұстаздар басқарды: И.М. Мәдин, Д. Сейдуалиев, К.К. Құнантаева, Б.Ю. Юсупов, Л.К. Керімов, Ж.А. Аскарова, А.К. Құсайынов, Г.А. Муратбаева, М.К. Бұлақбаева.

    Кафедрада Республикаға танымал ғалымдар мен оқытушылар еңбек етті, олардың қатарында К.Б. Бережанов, А.Р. Жұмаханова, А.Б. Мұқанова, Ш.Т. Таубаева, С.Т. Иманбаева, К.Ж. Кожахметова, А.К. Рысбаева және т.б. бар. Олар педагог кадрларын даярлау мен ғылыми мектептің қалыптасуына зор үлес қосты.

    2025 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның бағдарламалық көшбасшысы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. К.Т. Тукенова. Бүгінде «Білім берудегі теория және практика» кафедрасы университеттің жетекші кафедраларының бірі болып табылады және жоғары ғылыми әлеуетімен ерекшеленеді. Кафедра университеттің ғылыми-әдістемелік өзегі ретінде барлық білім беру бағдарламалары білім алушыларының педагогикалық, зерттеушілік және көшбасшылық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Кафедра қызметі зерттеушілік, практикаға бағытталған, пәнаралық және рефлексивтік тәсілдер негізінде, дәлелді білім беру тәжірибелеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

    Кафедра педагогика, білім беру көшбасшылығы және педагогикалық өлшеулер саласында ғылыми мектепті дамытуды қамтамасыз ететін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілген (К.С. Құдайбергенова, М.К. Бұлақбаева, А.М. Кенжан, М.К. Садыкова, Л.Т. Сайдахметова, И.Б. Юсупова, К.Б. Ахатаева және т.б.). Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамыту, дәлелді білім беру тәжірибелерін енгізу және білім беру үдерістерін басқарудың заманауи тәсілдерін зерттеумен байланысты.

    Кафедра ұлттық бағыттағы педагог кадрларын даярлау мен болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін дамыту моделін қалыптастырады, халықаралық озық тәжірибелерді енгізіп, оларды Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі контекстіне бейімдейді (соның ішінде Lesson Study тәсілі мен педагогикалық өлшеулерді қолдану арқылы).

    Академиялық ұтқырлық пен білім беруді интернационалдандыру аясында кафедра шетелдік ғалымдарды белсенді түрде тартады, бұл халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануға мүмкіндік береді (Н.Н. Найденова, М.Б. Челышкова, В.И. Звонников, Р. Желвис, Т. Харриет).

    Кафедраның миссиясы — педагогикалық өлшеулер, көшбасшылық және әлеуметтік жауапкершілік негізінде зерттеушілік ойлауы қалыптасқан, білім беру практикасын дамытуға және білім сапасын арттыруға қабілетті жаңа буын 

    Жетістіктері:

    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанында «018 – Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау бағыттары» бойынша ОӘБ ЖБТ жұмыс істейді;
    • «Атамекен» ҰКП рейтингінің нәтижелері:
    • 2023–2024 оқу жылы — 7/9
    • 2024–2025 оқу жылы — 5/10
    • •2025–2026 оқу жылы — 2/3
    • •Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты ACQUIN «6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» мамандығына сапа сертификатын береді. Аккредитация 2027 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды. Байройт қ., 2021 жылғы 27 қыркүйек.
    • «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесі 6В01801 «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациядан 5 жыл мерзімге өткенін растайды (24.05.2024–23.05.2029).
    • «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесі 7М01104 ІР – «Білім берудегі зерттеулер» білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациядан 5 жыл мерзімге өткенін растайды (31.05.2024–30.05.2029).
    • «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесі 7М01103 (IP) – «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациядан 5 жыл мерзімге өткенін растайды (31.05.2024–30.05.2029).
    • «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесі 7М01102 – «Педагогикалық өлшеулер» білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациядан 5 жыл мерзімге өткенін растайды (24.05.2024–23.05.2029).

    Марапаттары:

    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі К.Т. Тукеноваға Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі жеке үлесі үшін алғыс білдіреді. Министр Е. Сағадиев. Астана, 2018 ж.
    • Тукенова К.Т. «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген жетістіктері мен оның өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Астана, 2019 ж.
    • Тукенова К.Т. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, адал еңбегі мен Алматы қаласының одан әрі дамуына қосқан үлесі үшін Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Алматы, 2026 ж.
    • Құдайбергенова К.С. білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Министр С. Нұрбек. Астана, 2024 ж.
    • • Құдайбергенова К.С. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Астана, 2024 ж. Министр С. Нұрбек
    • Кенжан А.М. Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ адал еңбегі мен өркендеу жолындағы еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Астана, 2023 ж. Министр С. Нұрбек
    • Кенжан А.М. Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ адал еңбегі мен жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Астана, 2024 ж. Министр С. Нұрбек
    • Садыкова М.К. Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ адал еңбегі мен жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Астана, 2024 ж. Министр С. Нұрбек

    Халықаралық ынтымақтастық:

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 58-ден астам шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнатқан және оны дамытып келеді. https://kazmkpu.kz/kz/zarubezhnie-vuzi-partneri

    Келісімдер студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, студенттерді қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқыту, шетелдік жетекші ғалымдарды шақыру, докторанттар мен магистранттарды PhD бағдарламасы аясында тарту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, докторанттарға ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру және басқа да бағыттарды қамтиды.

    Шетелдік серіктес университеттер:

    • Сассекс университеті (Ұлыбритания)
    • Гази университеті (Түркия)
    • Нийде Омер Халисдемир университеті (Түркия)
    • И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан)
    • Литва білім университеті (Литва Республикасы) 2023 оқу жылы жақсы жаңалықтармен басталды. Финляндия тәжірибесіне негізделе отырып, бірнеше білім беру бағдарламалары іске қосылды:
    • 6В01802 – Әлеуметтік педагогика IP
    • 7М01102 – Педагогикалық өлшеу
    • 7М01103 – Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент IP
    • 7М01104 – Білім берудегі зерттеулер IP

    2024 оқу жылында и.о. профессор М.К. Бұлақбаева және доцент Л.Т. Сайдахметова «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» стипендиясының иегері атанып, АҚШ-тың Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс университетінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтті.

    Ғылыми тағылымдама барысында америкалық ғалымдармен онлайн кездесулер ұйымдастырылып, әлеуметтік педагогтарды даярлау, көшбасшылықты дамыту және менеджмент мәселелері бойынша пікір алмасу мен тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.  «Әлеуметтік педагогикадағы әлеуметтік үрдістер: АҚШ тәжірибесі негізінде» тақырыбында семинар, Иллинойс штатының High School әлеуметтік педагогы Люсия Мальдонадоның қатысуымен өтті. https://www.instagram.com/p/DDepD5fsyUz/?igsh=MTY4cDdqNXJucGpwZw==  «Мақсат қою арқылы әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу: педагогикалық даярлықтың жаңа парадигмасы» тақырыбындағы воркшоп Иллинойс университеті Әлеуметтік жұмыс мектебінің үйлестірушісі Э. Вудфордтың қатысуымен өтті. https://www.instagram.com/reel/DIJ1TVnNoYA/?igsh=MXh3aDRpN3lrazVtdA== Иллинойс университетінің профессоры Х. Джонсонмен «Business Letters and Emails» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. https://www.instagram.com/p/DJKBIJxtXVp/?igsh=MWo0ZHMwMXQ2dnBpNg==  «Digitalization and Artificial Intelligence: New Prospects for Central Asia» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу жүзеге асырылды. Конференцияны Иллинойс университеті (АҚШ, Урбана-Шампейн), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан), HWR Berlin (Германия), Наньян технологиялық университеті (Сингапур), «Innova Science» ғылыми-консультациялық орталығы (Өзбекстан), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бірлесіп ұйымдастырды. https://www.instagram.com/p/DE8AwC9siu5/?igsh=MXd6Nnp1aDd4djNzNA==

    2026 жылы 7М01103 – «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» білім беру бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен магистранттар:

    • 2022–2023 оқу жылында қабылданған магистранттар:
    •  Баскеева Ақмарал – Нийде Өмер Халисдемир университеті, 2026 ж.
    • 2. Қазақстандағы тағылымдама:
    • • Нұрғазина Жұпар – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен қ.), 2026 ж.

    Шетелдік тағылымдама (Баку, Әзербайжан):

    •  Алтаева Баян Ғабиденқызы
    • Ахметкали Аяулым Мақсатқызы
    • Құттығұжина Жанна Мұрзатаевна
    • Қайырғазықызы Тоғжан
    • Мәлікқызы Әсем
    • Мейірханқызы Елдана
    • Раева Назира Қожахметқызы
    • Сабит Гайни Өміртайқызы
    • Түрлыбек Рахима Серікбайқызы

    Тағылымдама орны: Әзербайжан мемлекеттік университеті, 2026 ж.

    4. Қазақстандағы тағылымдама (Алматы):
    • Қабдуалиева Ақмарал Жеңісқызы
    • Азатбек Аяжан Хамзақызы

    Тағылымдама орны: «Кайнар» университеті, 2026 ж.

    Кафедраның ғылыми әлеуеті – 65%:
    • Педагогика ғылымдарының докторы, доцент – 1;
    • Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. – 1;
    • Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – 1;
    • Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. – 3;
    • Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы – 3;
    • Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы – 7.

    Кафедра профессор-оқытушылар құрамы дайындаған монографиялар, оқулықтар және әдістемелік құралдар:

    • Тукенова К.Т. «Болашақ педагогтың көркемдік талғамын жоғары оқу орындарында қалыптастырудың теориялық шарттары». Монография. – Алматы: Альманах, 2018. – 179 б.
    • Тукенова К.Т. «Бейнелеу өнері мұғалімін қалыптастыру мәселелері». Оқулық. – Алматы: «Нұр-Принт», 2018. – 130 б.
    • Тукенова К.Т. «Болашақ мұғалімнің көркемдік талғамын қалыптастыру теориясы мен әдістемесі». Оқу құралы. – Алматы: «Нұр-Принт», 2008. – 186 б.
    • Тукенова К.Т. «Персоналды іріктеу, даярлау және оқыту». Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2016. – 174 б.
    • Тукенова К.Т. «Мәдениеттану» пәні бойынша дәрістер курсы. – Алматы: Alash BooK, 2024. – 152 б.
    • Қ. Құдайбергенова. «Педагогика: ойлау, талдау, тәжірибе жинақтау». Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2026. – 139 б.
    •  Қ. Құдайбергенова. «LESSON STUDY – студенттердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырушы жүйе». Әдістемелік нұсқаулық. – Алматы: Дарын, 2026. – 82 б.
    • Бакирова К.Ш., Құдайбергенова К.С., Исалдаева С.Ж., Искендірова С.К., Зейнолла С.Ж., Тлеппаев А.М., Исмуханова Г.Г., Ақмади М.А., Адибаева А.М., Саари Д.Б. «Қазақстан Республикасындағы жоғары білім сапасы: бағалау және даму тенденциялары». Монография. – Алматы: Қазақстан-Герман университеті, 2025. – 380 б.
    • Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық – педагогикалық категория». Монография. 2-басылым, толықтырылған және өңделген. – Алматы: Дарын, 2025. – 320 б.
    • K. Kudaibergenova, S. Issaldayeva. «Professional self-realization of secondary school teachers» (қолжазбаның ағылшын тіліне аудармасы). – Алматы: Дарын, 2025. – 156 p.
    • Қ. Құдайбергенова. «Көшбасшылық». Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Дарын, 2025. – 85 б.
    • Құдайбергенова К.С., Тоқтағұлова Г.Б., Құттыбек А.К., Баекеева Ф.С. «Әлеуметтік педагогтің кәсіби бейнесі». Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Дарын, 2025. – 174 б.
    • Құдайбергенова К.С., Бұлақбаева М.К. «Педагогикалық өлшемдер». Оқулық. – Алматы: Дарын, 2023. – 141 б.
    • Құдайбергенова К.С. «Педагогикалық квалиметрия». Оқулық. – Алматы: Дарын, 2022. – 312 б.
    • Бұлақбаева М.К., Сариева К.Н., Құдайбергенова К.С., Кенжан А.М., Медеубаева К.Т., Сайдахметова Л.Т., Қылышпай Б.С., Байсұлтанова С.Ч. «Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу». Ұжымдық монография. – Алматы: Дарын, 2023. – 105 б.
    • Бұлақбаева М.К., Сарбасова А.Д., Құттыбек А.К. «Нормативтік-құқықтық құжаттар». Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2024. – 115 б.
    • Тоқтағұлова Г.Б. «Әртүрлі топтағы тұрғындармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс». Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2024. – 506 б.
    • Медеубаева К.Т., Қылышпай Б.С. «Әлеуметтік педагогика: анықтамалық сөздік». – Алматы: Дарын, 2023. – 50 б.
    • Медеубаева К.Т., Қылышпай Б.С. «Әлеуметтік педагогика: дидактикалық материалдар». – Алматы: Дарын, 2023. – 150 б.
    • Медеубаева К.Т., Қылышпай Б.С. «Артпедагогика». Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2023. – 180 б.
    Қадрлық құрам

    Жүктеу...

    Байланыстар