Шетел азаматтарына арналған ақпарат

    • Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетіне қош келдіңіздер!

      Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті – еліміздегі ең көне (1944 жылы құрылған) және Қазақстан Республикасының ең жетекші педагогикалық оқу орындарының бірі. Толық аккредиттелген және әртүрлі бакалавриат, магистратура және докторантурада оқу бағдарламаларын ұсынады. Кампус еліміздің ең әдемі және ең үлкен қаласы Алматы қаласының дәл орталығында орналасқан.

      Шетел азаматтары үшін ақпарат

      Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп келген кез-келген шетел азаматы (студент, оқытушы) 3 жұмыс күн ішінде, өзінің шекарадан өтіп келгендігі туралы хабарлама жасайды. Университет жатақханасына орналасатын шетел азаматтары (студенттер, оқытушылар) үшін Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (ХЫБ) визалық қолдау жөніндегі маманы,  Миграциялық полиция бөлімшесіне ресми хат жазу арқылы, ЕГОВ порталы немесе eqonaq.kz сайты арқылы жасап береді. Барлық шетелдік азаматтар Дактилоскопия (саусақ ізін) тапсыруға міндетті.
      Қазақстан Республикасының тұрғынының мекен-жайына орналасатын жағдайда үй иесі Миграциялық полиция бөлімшесіне жазбаша хабарлама толтыру арқылы, ЕГОВ порталы арқылы немесе EQonaq қосымшасы арқылы жасап бере алады.
      Хабарлама жасау үшін шетел азаматының (студенттің, оқытушының) шетелдік паспорты қажет.  Хабарлама уақыты өтпей тез арада уақытша тіркеу жасату міндетті. Ол үшін Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (ХЫБ) визалық қолдау жөніндегі маманға хабарласу немесе Гоголя 114, корпус 1, 128 кабинетке келу керек.

      ТМД елдерінен келген студенттерге уақытша тіркеу үшін қажетті құжаттар:
      1.    Шекарадан өтіп келгендігі туралы хабарлама;
      2.    Өтініш;
      3.    Шетелдік паспорт;
      4.    Оқуға қабылданғанды немесе курстан курска ауысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
      5.    Медициналық сақтандыруы;
      6.    Туыстарының үйіне уақытша туркеу үшін нотарилды заңдастырылған келісім;
      7.    Университетте жұмыс жасайтындығы туралы бұйрық (оқытушылар үшін);
      8.    Шетелдік паспорттың нотариалды мақұлданған аудармасы;
      9.    Визалық қолдау жөніндегі маманның сенімхаты;
      Студенттерді уақытша тіркеуге оқу жылының соңына дейін ғана ұзартамыз. Уақытша тіркеу уақыты өтпей студент ҚР шекарасынан шығып, қайта кірген жағдайда жаңадан хабарлама жасалынады. 
      ТМД елдерінен келген студенттерге оқуға шақырту үшін тек оқуға шақырту қағазы ғана жіберіледі.

      Алыс және жақын шет елден келген шетел азаматтарына (студенттерге) оқуға шақырту қағазын және виза рәсімдеу үшін керек құжаттар:
      1.    Паспорттың көшірмесі;
      2.    Оқуға қабылданғандығы жөнінде бұйрық (көшірмесі);
      3.    Шақырту қағазы 3 дана;
      4.    Визаны рәсімдеуге өтініш; 
      5.    Баж салығы 0,5 МРП.

      Алыс және жақын шет елден келген шетел азаматтарына (студенттерге) оқу визасын создыртуға керекті құжаттар:
      1.    Паспорт;
      2.    Паспорттың көшірмесі;
      3.    Оқу визасын алуға өтініш;
      4.    Оқып жатқандығын дәлелдейтін бұйрық;
      5.    Визалық сауалнама;
      6.    Баж салығы 30 МРП (қандас студенттер төлемейді);
      7.    3,5*4,5 сурет
      8.    Ұлты қазақ екендігін дәлелдейтін анықтама (тек қандас студенттер үшін).

      Алыс және жақын шет елден келген шетел азаматтарына (оқытушыларға) жұмысқа шақырту қағазын және виза рәсімдеу үшін керек құжаттар:
      1.    Паспорттың көшірмесі;
      2.    Виза алуға өтініш;
      3.    Еңбек келісім-шарты;
      4.    Жұмысқа  бұйрық;
      5.    Шақырту қағазы 3 дана;
      6.    Баж салығы 0,5 МРП.
      7.    Апостелген дипломдарының нотариалды аудармасы.
       

      СӘТТІЛІККЕ АПАРАТЫН ЖОЛ ОСЫ ЖЕРДЕН БАСТАЛАДЫ!