6В03201 — Кітапхана ісі
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Нарықтың сұраныстары мен жұмысыс берушілердің талаптарын ескеріп, заманауи технологияларды пайдалана отырып, кітапхана ісін ұйымдастыру саласындағы практикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі бар ҚР-да кітапхана ісі және ақпаратты өңдеу саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Бағдары:
Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
Миссиясы:
Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.
Бағдарламалық мақсаты:
Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.
Құндылықтары:
Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.
|
Білім беру бағдарламасының түрі |
ағымдағы |
|
Білім беру бағдарламасының атауы |
6В03201-Кітапхана ісі |
|
Білім беру саласы |
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат |
|
Даярлау бағыты |
6В032 Журналистика және ақпарат |
|
Білім беру бағдарламасының тобы |
В043 - Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және мұрағат ісі |
БББ білім алатын студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқуға мүмкіндік алады.