6B05303 Компьютерлік физика
-
Университет коды: 025ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУСипаттамаБағдарлама паспортыҚұжаттар тізіміБілім беру бағдарламасының мақсаты: Физикалық процестерді модельдеу мен бағдарламалау міндеттерін шешетін ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелерінде және кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін ИТ-құзыреттіліктері бар физика саласындағы мамандарды даярлау.
Пайымдауы (Видение): Өзекті ғылыми, инженерлік және технологиялық міндеттерді шешу үшін физикалық білімді, математикалық модельдеуді, сандық әдістерді, үлкен деректерді талдауды, жасанды интеллектті және жоғары өнімді есептеулерді интеграциялауды қамтамасыз ететін заманауи пәнаралық білім беру ортасы.
Миссиясы: Физика, математика, бағдарламалау және заманауи есептеу технологиялары саласында фундаменталды білімі бар жаңа буынның жоғары білікті мамандарын қалыптастыру.
Бағдарламалық мақсаты: ИТ-құзыреттіліктері бар физика саласындағы озық білім мен құндылықтарды жасай алатын, дамыта алатын және тарата алатын зияткерлік көшбасшыларды даярлау.
Құндылықтары: Кәсіби қызметке жауапкершілікпен қарайтын, өз ісіне адал, жоғары моральдық-этикалық ұстанымдары бар және қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын біртұтас, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасының паспорты
Білім беру бағдарламасының түрі - Жаңа БББ
Білім беру бағдарламасының атауы - 6B05303 Компьютерлік физика
Білім беру саласы - 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Даярлау бағыты - 6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Білім беру бағдарламасының тобы - B054 Физика