Біліктілікті арттыру институты курсы туралы ақпарат

  • Курстар туралы жалпы ақпарат

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Адами капиталды дамыту орталығы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, колледж оқытушылары, мектепке дейінгі және басқа да білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ мәдениет саласы мен өзге де кәсіби бағыттардағы мамандар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.

    Білім беру бағдарламалары кәсіби қызметтің заманауи талаптарын ескере отырып, кәсіби құзыреттерді жетілдіруге, білімді жаңартуға және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Курстардың мазмұны инновациялық тәсілдерді енгізуге, заманауи технологияларды меңгеруге, озық тәжірибе алмасуға және мамандардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге бағдарланған.

    Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар алған білімдері мен дағдыларын кәсіби қызметінде қолдануға, оқыту сапасын жетілдіруге және білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік алады.

    Білім беру бағдарламаларының каталогы

    Жоғары мектеп қызметкерлеріне арналған білім беру бағдарламаларының негізгі бағыттары:

    • Жоғары мектептің заманауи педагогикасы – оқу үдерісін ұйымдастырудың өзекті тәсілдері, оқытудың интерактивті әдістері және студентке бағдарланған оқытуды дамыту.
    • Білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект – оқытушылық қызметте цифрлық құралдарды, электрондық білім беру ресурстарын және жасанды интеллект технологияларын қолдану.
    • Тұтас педагогикалық үдерістің әдістемесі және әдістемелік қамтамасыз етілуі. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу – оқыту нәтижелерін тұжырымдау және білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру.
    • Оқыту нәтижелерін бағалау – бағалаудың заманауи әдістері, студенттердің оқу жетістіктерін бақылауға арналған критерийлер мен құралдарды әзірлеу.
    • Ғылыми-зерттеу қызметі – зерттеушілік құзыреттерді дамыту, академиялық жазылым дағдыларын қалыптастыру, ғылыми жарияланымдар дайындау және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау.
    • Жоғары мектептегі инклюзивті білім беру – қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру және студенттерді оқытуда инклюзивті тәсілдерді қолдану.
    • Білім берудегі менеджмент, академиялық көшбасшылық және білім беру үдерісін басқару – басқарушылық құзыреттерді, тәлімгерлік дағдыларын және академиялық ортадағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту.        

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің біліктілікті арттыруға арналған 20 білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген.

    1. «PYTHON бағдарламалау тілін оқыту әдістемесі мен тәжірибесі»

    2. «Мұғалімдердің цифрлық білім деңгейін қалыптастыру»

    3. «Химия пәні мұғалімінің пәндік білім деңгейін арттыру»

    4. «Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие-білім беру үдерісін жобалау»

    5. «Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы инновациялық тәсілдер: мінез-құлықты қолданбалы талдау (АВА-терапия) – мінез-құлық бұзылыстарын түзету, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді оқыту, оңалту және дамыту»

    6. «Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері»

    7. «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу»

    8. «Хореографиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістері»

    9. « Мұғалімдердің лауазымға тәуелсіз көшбасшылық қабілеті »

    10. «Lesson Study – педагогтерге арналған трансформациялық практикалық курс»

    11. «Білім беру үдерісіндегі эмоционалдық интеллектіні дамыту: теориядан практикаға дейінгі жаңа әдістер»

    12. «Тұрақты даму мақсаттарын білім беру үдерісіне интеграциялау»

    13. «Білім беру үдерісінде ARDUINO және IOT технологияларын қолданудың практикалық негіздері»

    14. «AI PRACTICUM»

    15. «PYTHON (JUPYTER NOTEBOOK ортасы) – цифрлық педагогика құралдарын практикалық қолдану негіздері»

    16. «Ата-аналардың психологиялық білім деңгейін арттыру – отбасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудың негізі»

    17. «Цифрлық құралдар арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбиені дамыту»

    18. «Инклюзивті білім беру жағдайында жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздері»

    19. « География сабақтарында Жерді қашықтан зерттеу деректерін қолдану ерекшеліктері »

    20. «Саралап оқыту әдістерін меңгеру» (жасанды интеллектпен интеграцияланған білім беру бағдарламасы).

    Оқытушылар мен тәлімгерлер

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің адами капиталды дамыту орталығының білім беру бағдарламаларын іске асыруды қажетті кәсіби құзыреттері мен практикалық тәжірибесі бар білікті оқытушылар, сертификатталған тәлімгерлер және бейінді мамандар қамтамасыз етеді.

    Мамандардың кәсіби қызметі оқытудың заманауи әдістемелерін, цифрлық білім беру технологияларын, пәндік даярлықты, инклюзивті білім беру, оқу жетістіктерін бағалауды және педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуды қоса алғанда, әртүрлі бағыттарды қамтиды.

    Суреттер