QYZPU Комплаенс-маманы  лауазымының бос орнына конкурс жариялайды



    • QYZPU Комплаенс-маманы  лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114 (1 корпус), «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Комплаенс-маманы  лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

      Қызметінің негізгі мәні Қоғамның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету, Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру, Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

      Қызметтің мақсаты Комплаенс-маман қызметінің негізгі мақсаты Қоғамның, оның қызметкерлері мен білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      1) бейінді салаларда жоғары білімнің болуы-экономика, қаржы, құқықтану немесе бизнес-функциямен байланысты басқа да сабақтас бағыт;
      2) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының көптеген элементтерін жүзеге асыруды көздейтін немесе заңда көрсетілген комплаенс функциясын іске асыруда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласында сертификаттың болуы;
      4) ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы;
      5) Қоғам қызметінің ерекшелігін білу;
      6)корпоративтік басқару, ішкі бақылау, алаяқтық және мүдделер қақтығысы Тәуекелдерін басқару жүйелері саласындағы, сондай-ақ тексеру іс-шараларын (ішкі және сыртқы аудит, қызметтік тексерулер және т. б.) жүргізу саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды білу;
      7) ҚР заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, Қоғамға қойылатын реттеушілік талаптар саласында білу;
      8) Тиімді коммуникациялар үшін жеткілікті деңгейде мемлекеттік тілді, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеру;
      9) ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі тәжірибе мен дағдылар, норма шығарудағы тәжірибе;
      10) оқыту және тренингтер өткізу дағдылары;
      11) магистр немесе PhD дәрежесінің болғаны дұрыс;
      12) комплаенс саласында халықаралық үлгідегі сертификаттың ("Ica International Diploma in Governance Risk and Compliance" немесе біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін комплаенс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін жоғары деңгейдегі ұқсас сертификаттардың) болғаны жөн.

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):

      1) үміткердің тегі, аты, әкесінің аты;
      2) туған жылы;
      3) білімі, диплом (дипломдар) бойынша мамандығы, біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлау туралы мәліметтер;
      4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша курстардан өткені туралы сертификат;
      5) ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;
      6) үміткердің Қоғамның Комплаенс-маманын қызметке тағайындау туралы жазбаша өтініші.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99 (каб.104) тапсыру қажет,

      Телефон: +7 702 266 17 46

      e-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kz  

       

      Бөлісу: