Кевин Харриспен бірге Speaking club



    • Кевин Харриспен бірге Speaking club

      2022-2023 және 2023-2024 оқу жылдарында Америка Құрама Штатының азаматы Кевин Харрис Қазақ  ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының Академиялық жазылым және тілдерді оқыту орталығында   әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері тегін  ағылшын тілінде сөйлеу клубын   (Speaking club) жүргізді.  

      Сөйлеу клубына  университет студенттері қатысып, ағылшын тілінде тілдік және сөйлеу дағдыларын   дамытты. Өйткені тілдерді үйренудің ең тиімді жолы – ана тілінде сөйлейтіндермен сөйлесу. Ал ана тілінде сөйлейтіндермен тіл табысу – тілдік кедергіні жеңудің ең жылдам әрі тиімді жолы екені белгілі.   Тіл тасымалдаушы Кевин Харрис те  студенттердің ағылшын тілінде түсінуге және қарым-қатынас дағдыларын жақсартуына көмектесті,   ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын  оятты,   шет тілінде сөйлеуге сенімді болуына ықпал жасады, сөздік қорын толықтырды және олардың ағылшын тілінде сөйлеудегі қорқынышты сейілтуге  көмектесті. Сөйлеу клубындағы әрбір кездесу  белгілі бір тақырыптарға арналып, қатысушылар кездесу барысында өзара әңгіме жүргізіп, ағылшын тілінде бейнероликтер тамашалады, шағын диалогтар арқылы сұхбаттасты, тіл дамыту жаттығуларын орындады.

      Академиялық жазылым және тілдерді оқыту орталығында сөйлеу клубын  (Speaking club) жүргізген тіл тасымалдаушы Кевин Харристың  университет студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу тілін дамытуға қосқан еңбегін ескере отырып, Басқарма төрағасы - Ректор Гүлмира Қанай университетіміздің  80 жылдық мерейтойына арналған арнайы төсбелгімен марапаттап, алғысын білдірді.

      Бөлісу: