Жастар саясаты орталығы жыл сайын «100 үздік студент» байқауын жариялайды



    • Жастар саясаты орталығы жыл сайын «100 үздік студент» байқауын жариялайды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай, өтетін «100 үздік студент-2024» байқауының І-кезеңі басталды.  

      • ІІ кезеңде университеттік комиссия отырысы шешімімен жүлделі орындар иегерлері анықталады.
      • ІІІ кезең – барлық бағыттар бойынша байқау жеңімпаздары қортынды кеште жарияланып, Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хаты және жүлделі орындар қаржылық сертификаттарымен марапатталады.

      Байқау бағыттары:

      • Академиялық көрсеткіші;
      • Ғылыми жетістіктері;
      • Қоғамдық-әлеуметтік белсенділік;
      • Спорттық жетістіктер.

      Байқауға университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық-әлеуметтік қызметінде, спорттық, мәдени өмірінде жоғары жетістіктері бар күндізгі оқу түрінің 1-4 курс студенттері қатыса алады.

      Байқауға қатысу және өтінім беру үшін @qyzpu_zhastary инстаграм парақшасында көрсетілген мерзімде өтінімді қоса беріліп отырған үлгі  бойынша рәсімдеп, институт басшылығына ұсыну қажет.  

      Ең жоғары рейтингке ие болған үміткер (құзыреттіліктерді, жеке және кәсіби жетістіктерді бағалау балдарының саны) арнайы сертификат алады және оның портфолиосы ҚызПУ сайтында жарияланып, университеттің ақпараттық тақталарында көрсетілетін болады.  

      Бөлісу: