Әйелдердің қоғамдағы рөлі сарапталды



    • Әйелдердің қоғамдағы рөлі сарапталды

      АЛМАТЫ. 18 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қазақстандағы əйелдердің шынайы рөлі» тақырыбында пікірталас-кездесу өтті.

      Кездесуге «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің қауымдастығының Алматы қаласы бойынша өкілдері, сарапшылар мен жоғары оқу орнының оқытушылары қатысты. Сонымен қатар іс-шараға «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы, «Asar-ume» Қайырымдылық қоры, «Батыр боламын» Қайырымдылық қоры сынды ұйым жетекшілері де арнайы келді.

      Жиынға қатысушылар «Қазақ қоғамындағы əйел рөлі», «Қазақ мəдениетіндегі əйел рөлі», «Неге Қазақстанда исламдық феминизм жоқ» сынды тақырыптар төңірегінде өзара пікір алмасып, тиімді ұсыныстарымен бөлісті.

      Басқосуда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Сәлімжанова «Қазақстандағы қамқорлық экономикасы: әйелдердің ақысы төленбейтін үй жұмысы» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде қоғамдағы нәзікжандылардың беделі мен рөлі турасында жан-жақты әңгімеледі.

      Кездесу соңында «Болашақ» қауымдастығы мен QyzPU University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

      Алдағы уақытта осы келісімдер аясында түрлі бағыттағы жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында бірлескен ғылыми зерттеу жобалары, конференциялар мен кездесулер бар.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: