QyzPU теннисшісі университеттер арасында бірінші орында



    • QyzPU теннисшісі университеттер арасында бірінші орында

      АЛМАТЫ. 17 наурыз. Баспасөз орталығы – Ұлттық студенттік лиганың іріктеу кезеңінде үстел теннисі бағыты бойынша  QyzPU «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Асықбек Айгерім жекелеген сайыста жүлделі 1 орынға ие болды. Ал командалық сайыста Университет құрамасы 2ші орынды алып, финалға өтті.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұймдастыруымен Ұлттық студенттік лига алғаш рет спорттың 6 түрінен өтуде. Баскетбол, үстел теннисі, футзал, тоғыз құмалақ, волейбол және қазақ күресі жарыстары басталды. Ұлттық студенттік лига 2 кезеңнен тұрады: іріктеу және финалдық кезең.  

      Ұйымдастырылған жарыстарда QyzPU құрама командалары жақсы дайындықтарын көрсетіп келе жатыр. Баскетбол командасының жеңісін үстел теннисі құрамасы жалғастырды.

      Қазақстан университеттері арасында өтіп жатқан сайысқа Алматы қаласы мен Талдықорған жоғарғы оқу орындарынан жалпы 19 команда қатысты. Біздің үстел теннисі аруларымыз ерекше өнер көрсетіп азулы командалар арасында жүлделі екінші орынға көтеріліп, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін келесі финалдық этаптың жолдамасын  ұтып алды. Ал жеке сайыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Асықбек Айгерім 1 орынға ие болды.

      Айта кету керек, QyzPU студенттеріне университет базасында дайындалуға толық мүмкіндік жасалған. Университет аға оқытушысы, құрама жаттықтырушысы Кухаренко Алла Борисовнаның қол астында дайындалып жүрген Университет құрамасы – Қазақстан республикасының 6 дүркін чемпиондары. 

      Құрама командамызға алдағы сайыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: