Г.ҚАНАЙ: Жолдау – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған маңызды қадам
-
16 наурыз, 2022
АЛМАТЫ. 16 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдауына пікірін білдірді.
Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.
– «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік».
Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдаудың маңыздылығын айшықтаған сөзі. Бүгінгі Жолдаудың басты ерекшелігі ел президентінің халықтың көкейінде жүрген ауқымды мәселелерге құлақ асып, нақты шешімдер шығарғанымен маңызды болды.
Президенттің жаңа реформаларында Қазақстанда 20 облыс болатыны айқындалды. Әкімшілік- аумақтық құрылымдардағы өзгерістер негізінде Семей қаласы Абай облысының орталығы, Жезқазған қаласы Ұлытау облысының орталығы болды. Қазіргі Алматы облысын екіге бөлініп, бір бөлігі Жетісу облысы, орталығы Талдықорған қаласы, екінші бөлігінің орталығы Қапшағай қаласы болатын Алматы облысы деп аталатын болды. «Халық бастама көтерсе, Қапшағайды Қонаев қаласы деп өзгертуге дайынмын»,– деді Президент.
Реформалар – қоғамымызда қалыптасқан кең ауқымды көзқарастардың көрінісі. Ол демократияландыруға ықпал етіп, мемлекеттің тұрақтылығы мен басқарылуын қамтамасыз етеді. Әлемдегі қазіргі жағдайды өзінің қарқындылығы, қатаң санкциялық текетірес және болжауға болмайтын салдары бойынша теңдессіз деп атауға болады. Президент Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құрылымдау бойынша өлшенген қадамдар қажет екенін, саяси жүйеміз үнемі жаңа шындықтарға бейімделуі керек екндігін айтты.
Сонымен қатар БАҚ Қазақстанда және әлемде болып жатқан процестерге өзіндік көзқарасы болуы керектігін, бәсекеге қабілетті және еркін болуын басты назарға қойды. Тәуелсіз және жауапты бұқаралық ақпаратсыз одан әрі демократияландыру мүмкін еместігін баса айтты.
Президент жаңа «Ұлттық құрылытай» мемлекеттік мекемесін құруды ұсынды. Ұлттық құрылтай билік пен халық арасындағы дәнекер болатынын айтты.
Сонымен қатар бүгінгі Жолдауда Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, жүйе деңгейінде шектен тыс бюрократизацияны жою қажетттілігі айтылды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы қорытынды сөзінде «Біз басты байлығымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайтуға, елді өзгертуге жұмылуымыз керек» – деп Жаңа Қазақстанды құруда ел тұтастығының маңызы зор екенін айтты.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: