МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Жатақханаға орналасу тәртібі
-
24 қаңтар, 2022
АЛМАТЫ. 24 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қайырлы күн, студент! Бүгін біз Сізге көктемгі семестрде жатақханадағы бос орындарға орналасу тәртібі туралы айтатын боламыз.
ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛУ ПРОЦЕСІ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?
• 1 ҚАДАМ. Студенттермен жұмыс бөлімі студенттің «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы «Жатақханаға мұқтаж» деген графаны толтырып институт директорының орынбасарына жібереді.
• 2 ҚАДАМ. Әр студент өзінің жеке «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы өтініш жазып институт директорының орынбасары модуліне жолдайды.
• 3 ҚАДАМ. Директор орынбасары модуль «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы студенттің барлық әлеуметтік жағдайы туралы графаны толтырады және жатақханаға мұқтаж студенттерді белгілеп, медициналық тексеру мен жатақхана ақысын төлеген анықтамаларын, вакцина паспортын тексеріп Студенттермен жұмыс бөліміне жібереді.
• 4 ҚАДАМ. Студенттермен жұмыс бөлімі «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы тексеріп қай жатақханаға орналастыру керек екенін тексеріп, тиісті жатақхананың комендантына электронды түрде жібереді.
• 5 ҚАДАМ. Жатақхана коменданты модуль «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы өтінішті қабылдайды. Студент электронды түрде профайлына кіріп, «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы өзіне берілген бөлмені көре алады.
ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?
• БІРІНШІ: Бакалавриаттың 1,2 және 3 курс студенттері
• ЕКІНШІ: Вакцинаның екі бөлігін алған студенттер (*вакцина паспорты мен Ashyq жүйесінде «жасыл» статуcтың болуы міндетті)
• ҮШІНШІ: Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер
• ТӨРТІНШІ: Риск топқа кірмейтін студенттер
P.S.: Риск топқа кімдер кіреді: Вакцина алуға рұқсат берілмеген медициналық босатуы бар студенттер, Өзі немесе жанұясы карантиндегі студенттер, Аяғы ауыр, жаңа туылған сәбиі бар және кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге Pfizer вакцинасын алуы қажет.
СҰРАҚТАР ТУЫНДАСА ҚАЙДА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ?
Жатақханадан орын алуға байланысты сұрақтар туындаса келесі байланыс құралдарына хабарласыңыз:
Райымбек Әйгерім Әбутәліпқызы
+7 708 694 60 25
Естеріңізге сала кетейік, бакалавриаттың 1,2,3 курс студенттерін жатақханаға орналастыру 5-6 ақпан аралығында жүргізіледі деп жоспарлануда.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: