Университетте «Тәуелсіздік тағылымы» онкүндігі басталды
-
09 желтоқсан, 2021
АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тағылымы» онкүндігі басталды.
Мерейтойлық іс-шараның басты мақсаты – оқу орны білім алушыларын ұлтжандылық пен патриоттыққа баулу.
Онкүндік аясындағы шаралар оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие бағыттарында жүзеге асуда.
Онкүндікке орай арнайы қабылданған кешенді жоспар аясында Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарына арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі жиындар, ғылыми конкурстар мен байқаулар, сурет көрмелері, білім және ғылыми жобалар сайысы, форумдар өткізілмек.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бір күндік салтанатпен шектелетін мереке емес. Бұл дата, ең алдымен, саяси-экономикалық реформалармен, білім мен ғылым саласын дамыту сияқты шараларымен есте қалуы керек. Қазір уақыт басқа, адамдардың санасы да айтарлықтай өзгерген. Осыған орай мерейтойды атап өткен кезде тағылымдық мәні бар шараларға баса назар аударған жөн, – деп атап өтті Университеттің Коммуникация және маркетинг департаментінің директоры Жандар Асан.
МЕДИА
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: