Бала тәрбиесінің төрт стилі
-
15 қазан, 2021
АЛМАТЫ. 15 қазан. Баспасөз орталығы – Бала тәрбиесі – маңызды міндет! Назарларыңызға отбасылық тәрбиенің төрт негізгі стилін ұсынамыз: беделді (құрметпен тәрбиелеу), авторитарлық, бетімен жіберу стилі және тәрбиенің кіріспеу стилі. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Беделді (құрметпен) тәрбиелеу кезінде ата-ана балаға жасы мен дамуына сәйкес келетін деңгейде үміт артады, эмоционалды қолдау көрсетеді. Ата-ана бала тәуелсіздігін мойын- дайды және барынша қолдайды. Бала да- мыған сайын оған артқан үміті өзгереді. Яғни бала өскен кезде талаптар өзгеруі мүмкін және баланың таңдау еркіндігі пайда болады. Тәрбиелеудің осы стилінде ата-ана мен бала арасында өзара құрмет пен жауапкершілікті бөлуге негізделген тұрақты байланыс қалыптасады.
Авторитарлық стиль баланың эмоционалды қабылдауының төмен деңгейінен, ал бақылаудың жоғары деңгейінен байқалады. Мұндай ата-ананың баламен қарым-қатынасы диктатқа көбірек ұқсайды. Кез келген шешімді тек ата-ана қабылдайды, ал баланың таңдау құқығы жоқ.
Кіріспеу стилінде ата-ана баланы тәрбиелеуге сирек қатысады. Мұндай ата-ана балаға эмоционалды тұрғыда түсініксіз, ал ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас шектеулі. Баланың қажеттіліктері мен мүдделері ескерілмейді. Ата-ана баланы қалай тәрбиелеу керегін түсінбегендіктен немесе осы тәрбие дұрыс деп санайтындықтан мұндай тәрбиелеу стилін қолдануы мүмкін.
Баланы эмоционалды түрде жылы қабылдайтын және оны бақылау төмен деңгейде (бәрін кешіру мен бассыздыққа дейін) болатын отбасында тәрбиелеудің бетімен жіберу стилі басым. Бұл стильде ешқандай қағидалар мен ережелер жоқ, керісінше талаптардың сәйкессіздігі байқалады: бүгін ата-ана бәріне рұқсат берсе, келесі күні рұқсат берген дүниеге тыйым салуы мүмкін. Тәрбиелеудің бұл стилінде балаларға ненің дұрыс екенін түсіну қиын.
Сипатталған тәрбие стильдердің әрқайсысы балаға ерекше әсер етеді. Балаларды тәрбиелеудің ең қолайлы стилі – бұл құрметпен тәрбиелеу стилі, себебі сіз әрқашан өз балаңыз құрметті боласыз.
Ал сіз қандай тәрбиелеу стилін қолданасыз?
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: