Екпе алмағандар жұмыс орнына кіргізілмейді



    • Екпе алмағандар жұмыс орнына кіргізілмейді

       АЛМАТЫ. 5 тамыз. Баспасөз орталығы – Вакцина салдырмаған адамның жұмысқа кіріп-шығуы шектеледі.

      Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында «Екпе алмағандар немесе алғысы келмейтіндер апта сайын ПТР тест тапсыруы керектігі» жазылған.

      Оның мерзімі 7 күнге жарамды.

      Ал денсаулыққа байланысты вакцина алмайтын болса, оны растайтын медициналық анықтама алу керек.

      Бұл халыққа қызмет көрсету орталығы, мектеп, балабақша және жоғары оқу орындары, банк, валюта айырбастау бөлімшелері, сауда үйлері, әуежай және өзге де мекемелерге қатысты талап.

      – Қаулыға сәйкес, жұмыс берушілер бәріне екпе салдыруды ұйымдастыруы шарт, әрі вакцина салдырмағандарды оффлайн жұмысқа тартпауы керек. Яғни, бірінші компонентті шілденің 15-нен кейін, екінші компонентті тамыздың 15-не дейін салдырмаған жұмысшылар қашықтан жұмыс істеуге міндеттеледі, – деп атап өтті ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Марал Рақымжанова.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: