Қызметкер екпе салдырмаса, жұмыс беруші айыппұл төлейді
-
05 тамыз, 2021
АЛМАТЫ. 5 тамыз. Баспасөз орталығы – Жұмыс берушілер вакциналанбаған қызметкерлері үшін қанша айыппұл төлейді? ҚР бас санитар дәрігерінің 14 шілдедегі қаулысында көрсетілген санатқа жататын жұмыс берушілер вакцина алмаған немесе 7 күн сайын ПТР-тестілеу арқылы саулығын дәлелдемеген қызметкерлерді штаттық режимде жұмысқа жіберсе, айыппұл төлейді.
Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігі мен 425-бабында осындай нормалар қарастырылған.
Бас санитар дәрігердің 14 шілдедегі қаулысы бойынша жұмысы халықтың шоғырлануымен байланысты қызмет көрсету нысандарына қызметкерлерін 10 тамызға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, 1 қыркүйекке дейін вакцинаның екінші компонентімен қамтамасыз ету жүктелген болатын.
Осы талапты орындамаған жұмыс берушілер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 362-бабының 3-бөлігі және 425-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Яғни медициналық қарсы көрсетілімі болмаса да вакцина алмаған немесе 7 күн сайын ПТР-тестілеу арқылы өзінің вирустан аман екенін дәлелдеп отырмаған адамдарды штаттық режимде жұмысқа жіберсе, 14 585 – 1 458 500 теңге аралығында (5-тен 500 АЕК-ке дейін) айыппұл арқалайды.
АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге);
- лауазымды адамдарға – 15 АЕК (43 755 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (291 700 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (683 400 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (1 458 500 теңге).
Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен білім алушылары!
Баршаңызды вакцина салдыруға шақырамыз!
Бұл – өзімізді, ата-анамыз бен жақындарымызды қорғаудың бірден-бір жолы.
Вакцина салдыру арқылы ғана барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына, білім алу офлайн жүйеге көшетініне сенімдіміз.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: