Қыздар университетіне докторантура бойынша 36 грант бөлінді



    • Қыздар университетіне докторантура бойынша 36 грант бөлінді

       АЛМАТЫ. 4 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторантурасында білім алу – білікті маман болып қалыптасудың мүмкіндігі.

      Жарқын болашақ бізден басталады!

      Сеніңіз!

      Қыздар университетінің докторантурасына оқуға түсіңіз.

       

      Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне PhD докторларын даярлауға 36 грант бөлінді.

      • D010 – Математика педагогтерін даярлау – 3

      • D011 – Физика педагогтерін даярлау – 2

      • D012 – Информатика педагогтерін даярлау – 4

      • D013 – Химия педагогтерін даярлау – 4

      • D014 – Биология педагогтерін даярлау – 3

      • D015 – География педагогтерін даярлау – 3

      • D017 – Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау – 3

      • D018 – Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау – 5

      • D060 – Филология – 2

      • D090 – Физика – 3

      • D089 – Химия – 2

      • D019 – Шет тілі педагогтерін даярлау – 2

       

      Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер қабылданады.

       

      Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі

      • ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

      • білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

      • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      • шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат

      • № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

      • 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      • жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

      • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

      Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады.

       

      Докторантураға грантқа түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды. Ал, оқуға ақылы негізде түсу үшін шекті балл – 50.

      Биыл докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 9 тамызға дейін жалғасады. Докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді.  Осы ретте докторантураға түсу үшін бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламаларының тобын таңдауға болатынын айта кеткен жөн.

      Жалпы, оқуға түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балды құрайды. Оның ішінде эссе – 20 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейінді емтихан сұрақтары – 50 балл.

      Жалпы емтиханға 4 сағат беріледі.

       

      Докторантураға үміткерлер шет тілін білудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:

      • IELTS шекті балл кемінде – 5,5;

      • IELTS INDICATOR шекті балл – кемінде 5,5;

      • TOEFL ITP шекті балл – кемінде 460;

      • TOEFL IBT шекті балл – кемінде 46;

      • TOEFL PBT шекті балл – кемінде 453.

      Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін университеттің қабылдау комиссиясы тексереді.

       

      Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз:

      +7 727 233 18 52

      +7 727 237 00 77

      +7 701 614 80 48

      P.S.: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторантурасына түсуге арналған эссе тақырыптары жарияланды. 14 білім беру бағдарламасы бойынша ұсынылған эссе тақырыптарымен мына жерден таныса аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: