Әділет Тойбаев: Сапаға қойылатын талаптар артады
-
24 ақпан, 2021
НҰР-СҰЛТАН. 24 ақпан. Баспасөз орталығы – Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттер саны өскенімен, оның инфрақұрылымы ұлғаймаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жоғары оқу орны басшыларымен кездесуінде айтылды.
– Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттер саны өскенімен, оның инфрақұрылымы ұлғаймаған. Сондықтан, министрдің тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жоғары оқу орындарындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар басталады, – деді Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Оның айтуынша, министрлік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қатаңдату бойынша жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Жақында жасалған өзгерістерге көз жүгіртетін болсақ, академиялық дербестікті кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуімен қатар, сапаға қойылатын талаптар да арта түсуде.
– Біріншіден, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгерістер енгізілді. Бұл бакалавриат деңгейінде практиктерді тартуға кең мүмкіндік берді. Екіншіден, магистратура және докторантура деңгейіндегі ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Үшіншіден, докторантураның мазмұны академиялық жазудағы пәндерді және ғылыми зерттеу әдістерін қамтиды, – деп атап өтті Әділет Тойбаев.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: